Әлем • 24 Қараша, 2022

Ешкім күмәнданбаған жеңіс

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс өткізілген сайлауда жеңіске жетті. Тоқаевқа қарсы бес үміткер шықты, бірақ қазан айының соңында басталған қысқа мерзімді үгіт-насихат кезеңінде олар елеулі қолдауға ие болған жоқ.

Ешкім күмәнданбаған жеңіс

Дауыс беру жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7:00-де бас­талды. Орталық Азиядағы алып ел­дің 12 млн-ға жуық сайлаушысы қа­зіргі Президент Қасым-Жомарттың билі­гін нығайта түседі. Сауалдамаларда Тоқаев­тың жеңіске жететіні айқын аңғарылды.

Мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы Қ.Тоқаев қыркүйектің басында хабарлады. Саяси жүйені түбегейлі қалпына келтіруге әкелетін сайлау циклін бастайтынын мәлімдеген еді.

Конституцияға президенттік өкі­леттік мерзімін бес жылдан жеті жыл­ға дейін ұзарту және болашақ пре­зиденттердің екінші мерзімге сай­лануына тыйым салатын түзету қабыл­данды.