Қоғам • 24 Қараша, 2022

Астанада жас пианистер марапатталды

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада Astana Piano Passion республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары марапатталды. Оған  7 жастан 17 жасқа дейінгі жас таланттар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада жас пианистер марапатталды

Байқау қорытындысы бойынша жас ерекшелігіне сәйкес үш топ арасында  I, II және III орын иегерлері анықталды. Үздік музыканттарға ақшалай сертификаттар табысталды.

Мәселен, Алматы қаласынан келген 15 жастағы Жұлдыз Ержеңіс Astana Piano Passion Гран-при иегері атанып, 3 000 000 теңге ұтып алды. Сондай-ақ оған «Астана Опера» театрының Камералық залында жеке концерт ұйымдастыруға немесе әлемге әйгілі маэстро Алан Бөрібаевтың жетекшілігімен Симфониялық концертке қатысуға мүмкіндік берілді.

тр

«Мәдениет саласындағы маңызды бағыттарының бірі – еліміздегі жас таланттарды қолдау, олардың шығармашылығына жол ашу. Бүгін жеңімпаз атанған ұл-қыздарымыз болашақта әлем сахналарын бағындыра алатынына сенімдімін. Алдағы уақытта іс-шара ауқымын бұдан да кеңейтуіміз керек. Себебі, музыкада шекара болмайды, кез келген әуеннің тілі барша халыққа ортақ. Бүгін марапатқа ие болған жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймын», деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Гала-концертте.

о

Айта кетсек, ауқымды байқаудың іріктеу кезеңіне 112 бала қатысты, оның 59-ы жартылай финалға өтті. Қазылар алқасы еліміздің барлық облыс орталықтарына барып, іріктеу турларын және балаларға арналған шеберлік сабақтарын өткізген. Қазылар алқасы құрамында еліміздің көрнекті мәдениет және өнер қайраткерлері, сондай-ақ фортепиано өнері саласындағы халықаралық байқаулардың лауреаттары болды.

дщ

тэ