Оқиға • 24 Қараша, 2022

Макгрегорды досы сотқа берді

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аралас жекпе-жек (ММА) файтері Артем Лобов Конор Макгрегорды сотқа берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Макгрегорды досы сотқа берді

Ресейлік спортшы ирландиялықтан сусын сатумен айналысатын бизнес құруға көмектескені үшін ақша талап етіп отыр. 

Лобов Макгрегордан акцияның бақылау пакетін сатудан түсетін табыстан 5% үлес алғысы келеді. Ол виски брендін жасау идеясының өзіне тиесілі екенін алға тартқан. 

Айта кетейік, Макгрегор - Proper Twelve брендінің негізін қалаушы. Сусынның сатылымы 2018 жылдың күзінде басталған. 2021 жылдың сәуірінде ол компанияның бақылау пакетін сатқаны үшін 600 миллион доллар алған. 

Ал Артем Лобов Ресейдегі Нижний Новгородта дүниеге келген, бірақ Ирландияда тұрады және сонда жаттығады. Ол Макгрегордың бұрыннан келе жатқан досы. 2015 жылдан 2019 жылға дейін Лобов Ultimate Fighting Championship (UFC) турнирінде өнер көрсеткен. ММА ережесі бойынша өткен жекпе-жекте 13 жеңіс, 15 жеңіліс және бір тең нәтижеге қол жеткізген. Тағы бір жекпе-жегі жарамсыз деп танылған.