Саясат • 24 Қараша, 2022

Рәміздерді дәріптеу – елдіктің белгісі

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті.

Рәміздерді дәріптеу – елдіктің белгісі

Жиында Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығының қорытындысы және мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалар бойынша ұсыныстары туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың баяндамасы тыңдалды.

Министр жыл басынан бері елімізде Мемлекеттік рәміздерді дәріптеуге бағытталған бес мыңнан аса әртүрлі форматтағы іс-шара өткізілгенін айтты.

Отырыста Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік рәміздерді наси­хаттау және қолдану бағытындағы жұмыстарының жай-күйі жайында ведомство басшысы Олжас Бектенов ақпарат берді.

Сонымен қатар Алматы, Павлодар және Түркістан облыс­тары әкімдіктері өз өңірлеріндегі Мемлекеттік рәміздерді қолдану және насихаттау шеңберіндегі жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

Бұдан бөлек жиында Жоғарғы Сот, Жоғары Сот Кеңесі және Ұлттық экономика министрлігі ұсынған ведомстволық наградалар талқыланды. Талқылау барысында жекелеген ұсыныстарға байланысты комиссия тарапынан ескертпелер айтылып, қосымша пысықтау жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

Отырыс соңында Мемлекеттік кеңесші уәкілетті органдарға ведомстволық наградаларды оңтайландыруға қатысты бірқатар тапсырма берді.