31 Мамыр, 2014

Ортақ пікір білдірілген кездесу

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жа­қы­пов Кубаның Қазақстандағы Төтен­ше және толық өкілетті елшісі Карлос Энрике Вальдес Де Ла Консепсионды қабылдады, деп хабарлады осы пала­таның баспасөз қызметі. Сұхбаттастар Қазақстан-Куба ынты­мақ­тастығы мәселелерінің кең ауқымын талқылап, денсаулық сақтау, туризм, спорт салаларындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселелерін перспективалы бағыт ретінде атап өтті. Палата Төрағасы Мәжілістің қызметі ту­ралы айта келіп, депутаттық корпустың Мемлекет бас­шысы Нұрсұлтан Назарбаевтың елімізді әлемнің барынша дамыған 30 елінің қатарына кіргізу жөніндегі тапсырмаларын орындау үшін жүргізіп жатқан заң шығару жұмысына баса мән берді. Өз кезегінде елші Қазақстанның ел Пре­зи­дентінің басшылығымен қол жеткізген табыстарын жоғары бағалады. Бұл ретте елші біздің елімізде «Қазақстан-2050» Стра­те­гиясында белгіленген мақсаттарға жету үшін толық мүмкіндік бар екеніне сенім білдірді. Қ.Жақыпов және К.Вальдес Де Ла Консе­псион Қазақстан-Куба қатынастарын дамытуға парламентаралық байланыстарды нығайту да өз ықпалын тигізетіні туралы ортақ пікір білдірді.