Кеше Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мәжіліс бюросы өтті. Онда палатаның алдағы жалпы отырысында қаралатын күн тәртібінің жобасы нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Депутаттардың талқылауына екінші оқылымға экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелеріне қатысты заңнамалық түзетулер және электр энергетикасы объектілерінің жұмысын бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру мәселелері туралы заң жобалары шығарылатын болды.
Күн тәртібіне ратификацияланатын екі заң жобасы: Сингапурмен үкіметаралық табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісім мен Халықаралық Қайта құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісім қосылды.
Сонымен қатар, осы жалпы отырыста Мәжіліс депутаттары «Қылмыстық әрекеттен түскен табыстарды жылыстату, анықтау, алып қою және тәркілеу туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасына түзету енгізуді қарастырады.
Палатаға «Есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын Кеден одағының кеден аумағы арқылы өткізу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қарастыру ұсынылады.