Спорт • 25 Қараша, 2022

Мальтаның мерейі үстем

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында футзалдан төрт команданың қаты­суымен Чемпиондар лигасының элиталы кезеңінің бәсекелері өтіп жатыр.

Мальтаның мерейі үстем

 

Жергілікті «Қайрат» тұсаукесер кездесуін Мальтаның «Луксол Сент-Эндрюс» клубымен өткізді. Бұл команданың халықаралық аренада қол жеткізген пәлендей табысы жоқ. Соған қарамастан қонақтардың ойыны өте жақсы әсер қалдырды. «Қайраттың» ойыншылары қанша талпынғанымен, қарсыластар қақпасын бірде-бір рет дәл көздей алмады. Әсіресе Шыңғыс Есенаманов, Альберт Ақбалықов, Дәурен Тұрсағұлов, Карвальо және Дос Сантостың шабуылдары өте қауіпті болды. Бірақ Стефан Веланың сенімді және сауатты қимылының арқасында «Луксол Сент-Эндрюстің» қақпасы голдан аман қалды. Аралдықтар қатарында команда капитаны Марк Заммит өте белсенді ойнады. Нәтижесінде, бұл матч 0:0 есебімен тең аяқталды.

Кеше «Қайрат» Чехияның «Хрудима» клубымен күш сынасса, ертең Лиссабонның «Бенфикасымен» шеберлік байқасады. Естеріңізге сала кетейік, осы топтан үздік шыққан команда ғана финалдық турнирге жолдама алады.

Соңғы жаңалықтар

Баға тұрақтылығы – басты назарда

Экономика • Бүгін, 08:55

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Ырысын ізденіспен еселеген

Еңбек • Бүгін, 08:43

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10