Президент • 25 Қараша, 2022

Мемлекет басшысы Францияға ресми сапармен барады

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

29-30 қараша күндері Қазақстан Президенті Францияға ресми сапармен барады, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Францияға ресми сапармен барады

«Қасым-Жомарт Тоқаев Парижде Франция президенті Эмманюэль Макронмен келіссөз жүргізеді деп жоспарланып отыр. Келіссөз барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективалары талқыланады», деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Францияның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.