АСТАНА. 2 маусым. Биыл елімізде 92 мыңнан астам мектеп бітіруші түлек ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, бақ сынайды. Оларға шамамен 34 мың мемлекеттік грант бөлініп отыр. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтың айтуынша, бөлініп отырған гранттың 12 мыңы техникалық, 5 мыңға жуығы педагогикалық, 2600-і ауыл шаруашылығы мамандықтарына беріледі.
Жас талапкер ұлттық жоғары оқу орнына түсу үшін 70, аграрлық универсиеттерге 60, ал қалған оқу орындарына 50-ден жоғары балл жинауы керек.
Қазір белгілі болып отырғандай, білім гранты оқу орнына емес, талапкерге тікелей беріледі. Ал шекті бал өзгеріссіз қалдырылды.
Министрдің сөзіне қарағанда, биылғы ұлттық бірыңғай тестілеуге енгізілген жаңа сұрақтар сапалы көрінеді.
Аслан Сәрінжіпов: «Біз жыл сайын қолданылатын 50 мың сауалдың 14 мыңын жаңарттық. Жыл сайын аппеляцияның жұмыс істейтіні белгілі. Барлық комиссия ақпаратты жинап Білім және ғылым министрлігіне жолдайды. Біз оны сараптай келіп, жыл сайынғы сауалдарға өзгеріс енгіземіз», – деді.
Еліміз бойынша ұлттық бірыңғай тестілеу 155 орында тапсырылады. Ал «Алтын белгіге» ұсынылған 4491 бітіруші түлек бар. Олар өздерінің білімдерінің жоғары деңгейде екенін осы тестілеуде дәлелдеп шығулары тиіс.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: egemen.kz
Фото: Alashainasy.kz.
• 02 Маусым, 2014
Бүгін елімізде мектеп бітіруші түлектер арасында ұлттық бірыңғай тестілеу басталды

Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10
Оралда қысқы спорт түрлеріне арналған фестиваль өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Шығыс Қазақстанда ас үй орындығына есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:50
Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Қостанай облысында он үш адам қар құрсауынан құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 11:36
ERG кеншілері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:20
Елімізде үндістандық «Десилмакс» дәрісін сатуға тыйым салынды
Фармацевтика • Бүгін, 11:20