Шара сот жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі ұсыныстарды талқылау жұмыстарының заңды жалғасы болды.
Қатысушылар бұлтартпау шараларын қолдану аясын кеңейтуге бағытталған кешенді шараларды, күзетте ұстаудың балама түрі мен күзетте ұстаудағы бұлтартпау шараларын қолдануды шектеуді талқылады.
«Талқылау күзетте ұстаудың балама шараларын, оның ішінде электрондық бақылау құралдарын дамыту үшін қандай шаралар қолдану керектігін одан әрі талқылау қажеттігін көрсетті. Электрондық бақылау құралдарын қолданудың негізгі проблемасы – жергілікті бюджеттерде қолма-қол ақшаның болмауы, тергеу бөлімшелері үшін ЭБҚ сатып алу немесе жалға алу мәселесі болып табылады. Біз күзетте ұстауға балама шараларының тізбесін озық шетелдік тәжірибе негізінде кеңейтуіміз керек», деп атап өтті сенатор Қанатбек Сафинов.
Шараға Жоғарғы сот, Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың, адвокаттар алқасының өкілдері, заңгер ғалымдар да қатысты.
Сенаторлар кездесу барысында айтылған барлық ұсыныстар мен ескертулер қылмыстық іс жүргізу заңнамасын реформалау жөніндегі жұмыс кезінде ескерілетінін атап өтті.