Аймақтар • 26 Қараша, 2022

Алматы облысында бес оқушыны көлік қағып кетті

378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында 28 жастағы Lexus көлігінің жүргізушісі бес оқушыны қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы облысында бес оқушыны көлік қағып кетті

«25 қазан күні сағат 19:50 шамасында Lexus автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі Алматы - Шелек - Қорғас автожолымен шығыс бағытта қозғалып келе жатып, Арман ауылының маңында жаяу жүргіншілерді қағып кеткен», деп хабарлады Алматы облысы полициясы.

Апат салдарынан зардап шеккен бес кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды. Айта кету керек, жаяу жүргіншілер  белгіленбеген жерден жолды кесіп өткен.

Іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды.