Жәнібек Нұрыш, "Отырар" телеарнасының журналисі:
- Иә, есімде. Күн өте ыстық болатын. География, биология және қазақ әдебиеті пәндерінің бірін қосымша пән ретінде таңдайтын болып қатыстым. География мен биологияның тек 15 сұрағының жауабына сенімді болғандықтан, тәуекел етпей, өзіме оңтайлы қазақ әдебиетін таңдадым. Өзіммен бірге "шпаркалка" алып кірдім. "Шпаргалка" болғанда, айналдыра скотч жапсырылған алақандай ғана қағаз. Қағазда: қатаң, ұяң және үнді дауыссыздар, геометриядан бірнеше формула жазылған. Шұлық мен балтырдың арасына қыстырып тест тапсырған едім. Бірақ қолдана алмадым. "Шпаргалканың" жауаптарына сәйкес сұрақ келмеді. Жалпы ұпай 91, орыс тілін шегергенде 81 балл болды.
Эльвира Ерғалина, журналист, блогер:
- Есімде. "Шпаргалканы" толтырып алып барғаным есімде. Қорыққаннан біреуінен басқасын шығара алмадым. 103 балл жинадым. Мектептегі ең жоғары балл менікі болды.
Азамат Тлепов, "Қазақ радиосының" журналисі:
- Иә, есімде, ҰБТ-ны 2009 жылы тапсырдым. Тестке бір күн қалғанда түнімен ұйықтамай "шпаргалка" жаздым. Бірақ өкінішке қарай оны пайдалана алмадым. Аудиторияға кіреберісте комиссия алып қойды. Сосын өз біліміме сенуге тура келді. Айтарлықтай бір қобалжыған жоқпын. Бірінші ауызша сабақтарды белгілеп, математиканы соңына қалдырдым. Және берілген уақыттан 1 сағат бұрын шықтым. Нәтижесінде орыс тілін алып тастағанда 74 балл жинадым.
Ермұхамед Мәулен, спорт комментаторы:
- ҰБТ тапсырғаным есімде. "Шпаргалка" қолдандым. Математика сабағының тесттерінің кітапшасын алып кірдім. Соның арқасында 3 сұраққа жауап таптым. Қалған сабақтардан "шпаргалкам" болған жоқ. Тек сол математикадан қиналдым. Сәті түсіп, 96 балл жинадым.
Азамат Битан, журналист, блогер:
- Есімде сол бір кез... Тестке көп дайындалдым. Сондықтан маған аса қиын болған жоқ. Психологиялық күйзелістен де аман болдық. "Шпаргалка" қолданған жоқпын. Бірақ сыртқа сұранып шыққаным рас. Сол сәтті пайдаланып ең қиын деген, жауаптары күмән келтірген 7-8 сұрақтарыма ұзтаздарымнан жауап алып үлгердім. Ең ауыры математика пәні болды. Сөйтіп, орыс тілін қоспағанда 71 балл жинадым. Маңдайыма жазылғаны, бұйырғаны осы болды. Осы нәтижеге қанағаттандым, қуандым. Осылайша алға қойған мақсаттар орындалып, үлкен мүмкіндіктер ашыла берді...
Алмас Нұрғалиев, Атырау мұнай жəне газ институтының оқытушысы, блогер:
- Біз тапсырған кезде жаңа басталып жатыр еді. Ол кезде кешенді тест деп аталатын, яғни мемлекеттік емтиханды мектептен тапсырып келдік. Ең алғаш грант иегерлері біздер болдық. "Шпаргалка" дейсіз, біз емтиханды қалай тапсыру керек екенін де білмедік. Мектептің берген білімімен барып, 120 сұрақтан 67 балл жинадым. Біздің мамандыққа бөлінген, математика жəне физика, 180 орынның біреуін 27-ші болып иелендім. Ол 1999 жыл болатын. Қазір емтихан тапсыру үлгісі қалғанымен бəрі басқаша. Дайындалуға материалдар жеткілікті, бланкілерді дұрыс толтыруды мектепте үйретеді. Сол кезде түлектердің көбі қай маман иесі болатынын білмей, ата анасының да баланың қабілетін ескермей мамандық таңдап жатты. Мәселен, тесттен өтіп, құжатын грантқа тапсырып, грант алып тұрғанда басқа мамандыққа ақылы негізде түсіп жатқандар көп болды. Меніңше, ЖОО түсу үшін міндетті түрде колледжді бітіру керек. ЖОО-да ақыл тоқтатқан ересек адамдар оқуы керек. Бүгінгі жағдайымыз күндердің күнінде қарапайым жұмысшының тапшылығына əкеліп соқтыруы мүмкін.
Ернар Бекенов, блогер:
- Әрине есімде. "Шпаргалка" қолдандым, өйткені оқытушы "білдіртпей қолдануға" рұқсат етті. Қателеспесем 74 балл алдым.
Данияр Алан.