АСТАНА. 2 маусым. Жыл сайын еліміз бойынша өткізіліп келе жатқан ұлттық бірыңғай тестілеу келер жылдан бастап тоқтатылады деген қауесет жоққа шығарылды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Бүгiн Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiндегі сынақ пункттерiнiң бiрiне келген Бiлiм және ғылым министрінің орынбасары Тахир Балықбаев ұлттық бірыңғай тестілеу соңғы рет ұйымдастырылып отыр деген ақпаратты теріске шығарды.
Тахир Балықбаев: «Биыл ұлттық бірыңғай тестілеу соңғы рет өткiзiлiп жатыр деген ақпарат жалған. Келесi жылы да сынақ осы форматта өтеді. Бiрақ бiзде мемлекеттiк бiлiм беру жүйесiн дамытудың 2020 жылға арналған бағдарламасында 2015 жылдан кейiн мектеп бiтiрген оқушылардың емтихандарына өзгерiс енгiзу көзделген. Оны қазiр комиссия талқылап жатыр», – деді.
Естеріңізге сала отырайық, бүгін жұртымызда мектеп түлектерi арасында ұлттық бiрыңғай тестiлеудің алғашқы күні басталды.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: «ҚазАқпарат».
Фото: «ҚазАқпарат».
• 02 Маусым, 2014
Ұлттық бірыңғай тестілеу соңғы рет өткізіліп отырған жоқ

Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды
Қазақстан • Бүгін, 10:40
Шымкент фармацевтикасына 39,5 млрд теңге инвестиция құйылады
Инвестиция • Бүгін, 10:32
Цифрлық трансформация кітапханаларды қалай өзгертіп жатыр?
Әдебиет • Бүгін, 10:20
«Шорт-тректің Марко Ройсы мен шығармын...»: Абзал Әжіғалиев жанкүйерлеріне алғыс айтты
Қысқы спорт • Бүгін, 10:12
Жерасты су қоры: Ел аумағында 700-ден астам бұлақ анықталды
Қоғам • Бүгін, 09:49
Еліміздің қай өңірлерінде жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:25
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:16
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:10