АСТАНА. 2 маусым. Еуразиялық экономикалық одақ сауда, ынтымақтастық үшін ашық ұйым. Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осылай деді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Е.Ыдырысов: «Еуразиялық экономикалық одақ жабық ұйым емес. Бұл ұйым өз алдына ұзақ мерзімді мақсат-міндеттер қойып отыр», – деді.
Жалпы, Еуразиялық экономикалық одақтың қатысушылары өз алдына еркін мемлекеттер.
Сыртқы істер министрінің айтуынша, одақ құру туралы шарт мүше-мемлекеттердің сыртқы саясаттағы еркіндігіне бөгет болмайды. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер тәуелсіз мемлекеттер болып қала береді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің Президенттері Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа 29 мамырда Астанада қол қойды. Бұл одақ 2015 жылдың бірінші қаңтарынан бастап жұмысын іске кіріседі деп күтілуде.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: egemen.kz.
Фото: primeminister.kz.

Еліміздің қай өңірлерінде жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:25
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:16
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:10
Шымкентте саябақ аумағынан ер адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Кеше
Астанада және еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ата заңда адам құқығына қандай артықшылық берілді?
Ата заң • Кеше
Қазақстанда 23 ақпанға дейін бірқатар жол учаскесі жабылды
Ауа райы • Кеше
Астанада құжатсыз тасымалданған ет өнімдері сатылмақ болған
Аймақтар • Кеше