АСТАНА. 2 маусым. 29 мамырда Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойылған кезде Мемлекет басшысы Алматыны осы бастан Еуразиялық экономикалық одақтың қаржылық орталығы ретінде құра бастауды ұсынған болатын. Осыған байланысты Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов желтоқсанға қарай арнайы тұжырымдама қабылданатынын мәлімдеді. Бұл туралы gazeta.kz хабарлады.
Қайрат Келімбетов: «Алматыны 2020 жылға дейін қаржылық орталық ретінде дамытудың тұжырымдамасы қайта қаралып, бұл құжат 2014 жылдың 1-ші желтоқсанына дейін қабылдануға тиіс. Құжатты дайындау үшін бүкіл мемлекеттік органдар тартылып, Еуропалық қайта құру мен даму банкі, Азиялық даму банкі, Дүниежүзілік банкі және Ислам даму банкінің консультанттары қатыстырылады», – деді.
Ұлттық банк төрағасының айтуынша, бұл стратегиялық құжатта Алматы қаласының инфрақұрылымын дамыту, бизнес ортаны, іскерлік ахуалды жақсарту мәселелері ескеріледі. Сондай-ақ, жаңа тұжырымдамада аймақтық қаржылық орталық академиясы жұмысын қайта қолға алу, сәйкесті мамандар даярлайтын жаңа оқу орталығын құру мәселесі де қамтылады.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: gazeta.kz.
Фото: gazeta.kz.
• 02 Маусым, 2014
Алматыны қаржы орталығы ретінде дамытудың жаңа тұжырымдамасы қабылданады

Еліміздің қай өңірлерінде жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:25
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:16
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:10
Шымкентте саябақ аумағынан ер адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Кеше
Астанада және еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ата заңда адам құқығына қандай артықшылық берілді?
Ата заң • Кеше
Қазақстанда 23 ақпанға дейін бірқатар жол учаскесі жабылды
Ауа райы • Кеше
Астанада құжатсыз тасымалданған ет өнімдері сатылмақ болған
Аймақтар • Кеше