Кейінгі кезде елімізде жас отбасылардың қоғамдағы рөлі мен беделі артып келеді. Бұл құндылықтың маңызының артуына «Отбасы – бақыт мекені» жобасының берері мол. Жоба бойынша көптеген ілкімді іс-шара атқарылып жатыр. Соның бірі «Үздік жас отбасы» байқауы елордадағы жас отбасылар институтын нығайтуға септігін тигізіп отыр.

Отбасы құндылығы артқан сайын қоғамдағы бірліктің нығая түсері анық. Еліміздің бас қаласының демографиялық өсімінде де жыл сайын оң көрсеткіш байқалады. Ынтымағымыздың ұйытқысы болып отырған бақытымызды бағалай түсу үшін Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы дәстүрлі түрде «Отбасы – бақыт мекені» атты кешенді жобаны сәтімен ұйымдастыруда. Жобада отбасылық марафон; жас отбасыларға, жүкті әйелдерге және ата-ана болуды жоспарлап отырған жас жұбайларға арналған семинар-тренингтер; колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған сыныптан тыс іс-шаралар; бейнебайқаулар; фотосуреттер байқаулары бар.
Елордалық жас отбасыларға арналған «Үздік жас отбасы» жалпықалалық байқауы осы жылдың 24 қазанында басталған-ды. Бір айға созылған байқау қорытындысы Астана қаласындағы Қазақстан Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи мұражайында өтті.
Байқау ережесіне сәйкес, қатысушы отбасылар үздіктер қатарынан табылу үшін «Неліктен бұл байқауда жеңіске жетуіміз керек?» тақырыбында бейне визитка жазса, ал финалистер Instagram желісінде лүпілдер және пікірлер саны бойынша анықталды. Байқауға 53 отбасы қатысқанымен, финалға тек 10-ы жолдама алды.
Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаровтың айтуынша, жас отбасыларды қолдау – жастар саясаты саласының негізгі міндеттерінің бірі. Осы бағытта «Отбасы – бақыт мекені» іс-шаралар кешені елордада бірнеше жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Осы уақытқа дейін жүгіру марафоны, семинар тренингтер, түрлі байқаулар өткізілді.
«Бұл байқауға барлығы мыңнан аса жас отбасы қатысып жатыр. Дәл 1 ай бұрын өтінімдер қабылдау басталған еді. Солардың ішінен финалға тек 10 отбасы шығып отыр. Елордамыздың жас отбасыларын осындай байқауларға қатысуға шақырамын. Сайыс болғаннан кейін жеңгені де, жеңілгені де болады. Барлығы лайықты, қазылар алқасына оңай болмайтыны анық», деді Қ.Қамбаров.
Сонымен, байқау нәтижесі белгілі болып, жеңімпаздарға тұрмыстық техника мен электроника сатып алуға арналған ақшалай сертификаттар берілді. Атап айтқанда, 1-орын алған Сембековтар отбасы (Қазыбек Сембеков, Ақерке Тілеубекова) – 500 мың теңге, 2-орын алған Балабековтер отбасы (Бағлан Балабеков, Аруна Ниязбек) – 350 мың теңге және 3-орын алған Боташевтар отбасы (Арман Боташев, Айғаным Боташ) 250 мың теңгенің сертификатымен марапатталды.
Бұған қоса байқау финалына өткен қатысушылардың барлығы марапатсыз қалмады. Яғни қалған 7 отбасы да 100 мың теңгеден жұбаныш сыйлығына ие болды.
Аталған байқау әр отбасындағы қарым-қатынасты нығайтуға, балалар мен ата-аналарды жақындастыруға ғана емес, сондай-ақ кішкентайларды саламатты өмір салтына баулуға және қоғамға бейімдеуге ықпал етеді.
«Қуанышымызда шек жоқ. Біз үшін өміріміздегі ерекше сәт болды. Отбасымыз төрт адамнан тұрады. Мен – әскери қызметкермін, жұбайым балабақшада бала тәрбиесімен айналысады. Ұлымыз – мемлекеттік балабақша тәрбиеленушісі. Қызымыз – үйде ата-апасының қолқанаты. Біздің отау құрғанымызға 5 жыл болды. Алғаш үй болған сәттен талай қиыншылық пен қуанышта бір-бірімізге арқа сүйеп, өніп-өсіп келеміз. Жұбайымыз екеуміздің де туып өскен жеріміз – Абай облысының Абай ауданындағы Архат ауылы. Мектеп кезінен басталған махаббатымыз отбасын құрумен жалғасты. Бағымызды сынап көрген бүгінгі сайыста ата-аналарымыздың қолдауын жақсы сезіндік. Сайыстың жас отбасыларға берген дүниесі мол болды» деп ақжарма тілегін білдірді, жеңімпаз болған отбасының отағасы Қазыбек Сембеков.
Байқау финалында эстрададағы белгілі жұп Қыдырәлі мен Қарақат әнмен шашу шашса, street workout қозғалысының негізін қалаушы Айтым Жакупов, журналист Айкерім Есенәлі, М.Горький атындағы Мемлекеттік орыс драма театрының директоры Ернар Жұматаев, «Мөлдір Мұқанованың өнер-білім орталығының» негізін қалаушы Мөлдір Мұқанова және медиаменеджер, продюсер Алпамыс Шаримов және тағы басқалар жас отбасыларға ерекше қолдау білдірді.
Тимофей Скатов Чилидегі турнирдің жартылай финалына шықты
Спорт • Бүгін, 12:45
Елордада газель автокөлігі жанып кетті
Елорда • Бүгін, 12:18
Елена Рыбакина Арина Соболенкомен кездеседі
Спорт • Бүгін, 11:53
Астаналық тұрғын ХҚКО-ның бірінен телефон ұрлады
Елорда • Бүгін, 11:29
Коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 10:55
Әлихан Смайылов Шымкентті жылумен жабдықтаудағы кемшіліктерді атады
Аймақтар • Бүгін, 10:17
Орман шаруашылығы комитетінің лауазымды тұлғалары ұсталды
ANTIKOR • Бүгін, 09:07
ШҚО-да алып бала дүниеге келді
Аймақтар • Кеше
«Барыс» клубы «Тракторды» жеңіп, плей-оффқа өтті
Теннис • Кеше
Жеті өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Альбина Кәкенова Аустралиядағы турнирдің финалисі атанды
Теннис • Кеше
Алматыда жасөспірім қыз жол апатынан қаза тапты
Оқиға • Кеше
Исламабадта Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастық талқыланды
Қазақстан • Кеше
Дархан Қыдырәлі LinkedIn компаниясының өкілімен кездесті
Қазақстан • Кеше
Қазақстан елшісі Болгария президентіне сенім грамоталарын табыстады
Қазақстан • Кеше
Президент теміржол инфрақұрылымын дамытуды тапсырды
Президент • Кеше
Қазақстан елшілігі Корея Кеден қызметінің наградасына ие болды
Қазақстан • Кеше
Лиссабонда Қазақстанда өтетін парламент сайлауы талқыланды
Қазақстан • Кеше
Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Елімізде 500 мыңға жуық бала ұшақпен тегін ұша алады
Қоғам • Кеше
Шымкентте 455 автокөлік айыптұраққа қойылды
Аймақтар • Кеше
TikTok-та Ақорданың ресми аккаунты пайда болды
Қоғам • Кеше
Қаржы • Кеше
Ирандағы Әзербайжан елшілігіне шабуыл жасалды
Әлем • Кеше
Өткен жылы Қазақстанға 610 мың шетелдік турист келген
Туризм • Кеше
Қостанай облысында жеке үй өртеніп, ана мен бала қайтыс болды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар