Қоғам • 28 Қараша, 2022

Қарашадағы қара өлең

415 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірер жыл бұрын тараздық жас ақындар Арайлы Жақсылық пен Файзулла Төлтайдың бас­тамасымен қолға алынған «Аван­гард» поэтикалық жобасы Таразға қайта оралды. Көңілін күй күмбірімен тербеткен, жүрегін жыр жолдарымен жұбатқан жастар «Авангардты» аңсап қалыпты. «AYU» мейрамханасына жиналған олардың жүзінен сағыныш табын аңғарғандай болдық.

Қарашадағы қара өлең

Еркін форматта өтетін жоба бұл жолы «Сағыныш сонатасы» деген атаумен ұйымдастырылды. Іс-шараға барлық буын өкілдерінің ағылып келгені көңіл қуантты. Келушілер өмірден өткен қаламгерлерді де ұмытқан жоқ. Қазақтың қабырғалы қаламгері Несіпбек Дәутайдың досы Асаубай Майлыбаевтың сөзінен осыны аңғардық.

«Мұнда жиналған жастардың алдыңғы буын ағаларын ұмытпағаны көңілді толқытты. Ұдайы жас­тар­дың жанынан табылған, көзі тірісінде «Авангардтың» алғашқы бас­қо­су­ларында төбе көрсеткен Несіпбек до­сымды сағынып жүрмін. Нескең бақилық болғалы жалғызсырап жүрген жайым бар. Бүгін жастардың отты өлеңдерін тыңдап, сағынышымды басқандай болып отырмын», деді ол өз ойымен бөлісіп.

Асаубай Майлыбаевтың ойын құптаған ардагер журналист Бекет Момынқұл мен белгілі дәрігер Са­ғындық Ордабеков те жастарға деген ризашылығын жеткізді. Соңынан Шапағат Әбдір, Нұржан Әліш бас­­таған ақындар қарашада қара өлең­нен төгілдірсе, жас ақын Жанғазы Ахметтің ұлы Нұриман Сембай да жергілікті ақындардың жырын жатқа оқып, жұртты тамсантты.

Ән мен күй, өлеңмен әдіптелген жобаның бесінші басқосуында жер­гілікті суретші Айдархан Сихаев көңіліне қонған образдарды қағазға түсіріп, қаламгерлердің алғысына бөленді.

 

ТАРАЗ

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше