Бұрын бұл қызмет тек құжатты ұсынған кезде ғана қаралатын еді. Енді аталған мемлекеттік қызметті алуды жеңілдету үшін «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесінің ішкі порталы құрылды, онда азаматтар қызмет көрсету туралы өтінішпен жүгініп, қажетті құжаттарды онлайн форматта ұсына алады.
Өтінішті алғаннан кейін БҚДА мәмілені Кәсіпкерлік кодексінің нормалары аясында қарайды. Сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі сол жерде, «Е-лицензиялау» порталында ұсынылады. Жыл басынан бері БҚДА тарапына қарау туралы 75 өтініш келіп түсіп, 43 өтініш беруші келісімін алды.
Онлайн өтінішті https://elicense.kz/ сілтеме арқылы беруге болады