Саясат • 28 Қараша, 2022

Халықаралық форумға қатысты

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат депутаттары Сұлтанбек Мәкежанов пен Бақтыбай Шелпеков қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың 37-жалпы отырысына қатысты.

Халықаралық форумға қатысты

Депутаттар қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға, терроризмді қар­жы­ландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуға қарсы іс-қимыл саласындағы халық­аралық стандарттарды үйлестіру мен олар­дың орындалуына бақылау жүргізу тетік­терін енгізуге бағытталған заң жобаларын әзірлеу мен оларды іске асырудағы тәжі­ри­бе­лерімен басқа елдерден келген әріптес­термен бөлісті.

Сенатор С.Мәкежанов іс-шара барысында еліміздің заңнамасын жетілдіру тәжірибесімен, атап айтқанда, соңғы жыл­дар­дағы ұлттық заңнамаға енгізілген негізгі түзетулермен таныстырды.

«Біз Әділетті Қазақстан құрып жатырмыз. Реформалардың маңызды мақсаты – ұлт­тық табысты әділ бөлуді қамтамасыз ету. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес өкілдерімен, халықпен кездесу кезін­де заңсыз алынған капиталды мемлекетке қай­тарып, оларды азаматтардың мүддесіне пай­далану керектігін бірнеше рет айтқан болатын», деді С.Мәкежанов.

Сенатор Қазақстан Парламенті қабыр­ғасында осы саладағы заңнаманы жетілдіру жұмыстары белсенді жүріп жатқанын да атап өтті. Парламент биыл жазда қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңдарды қабылдады.

«Қазақстан сындарлы әрі салиқалы саясат жүр­гізіп келеді. Біз қазіргі жағдайда кіріс­терді жылыстатуға қарсы тұру мәселесін жеке­­леген елдердің жеке дара ұлттық пробле­ма­сы емес ойлаймыз. Осыған байланысты бізге халықаралық ұйымдардың неғұрлым бел­сенді қатысуы және шынайы ынтымақ­та­с­­тығы қажет», деді сенатор С.Мәке­­жанов.