Пікір • 28 Қараша, 2022

Ел бесігіне – ерекше назар

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты түрде ант берді. Туған халқына арнап жүректен шыққан сөздерін айтты. Еліміздің бүгіні мен келешегіне көзделген, жаңа өзгерістердің нақты бағдарламасы мен жоспары айтылды.

Ел бесігіне – ерекше назар

Ұзақ ой-толғаныстан туындаған бағдарламалар халықтың ең жақын, армандаған, күткен мәселелер жанымызды тербетті. Президент атап көрсеткендей, халық сенімі – ел аманаты, ең басты құндылық.

Ауыл – ел бесігі. Ант қабылдаған ел Президентінің алғашқы Жарлығы ауылды дамыту туралы болды. Бұл біздің түп-тамырымыз бен қарашаңырақ – алтын ұямызды, ұлт ұйытқысы ауылымызды бес жыл бойы түрлендіріп, жаңғыртып, жақсы өмірді орнықтыру жолында ұлан-ғайыр іс, адалдық пен әділдік шешімі деп қоғам өз құрметін көрсететіні анық.

Сыртқа жылыстап, заңсыз кеткен қаржыны қайтаруды тиянақтай түсу де, халық күтіп отырған нақты мәселелер де негізінен түгел айтылды. Қызмет мансабы – уақытша, халық – мәңгілік. Артында із қалдыру үшін ар-ожданымен қызмет ету – әр азаматтың басты парызы.

Президенттің ойы мен сөзі халық сенімін ақтау мен үмітін орындау тұрғысында ашық, адал, жүрекпен айтылды. Қазір той тойлайтын, той жарыстыратын уақыт емес. Ақылмен атқарылатын іс жарыстыратын заман, өміршең уақыт таразысы.

Салтанатты жиыннан рух асқақтады. Ризамыз. Тарихи күн ерекше есте қалды. Еліміз жасай берсін! Мемлекет басшысының барлық ұстанымы мен алға қойған міндеттерін мінсіз атқару жауапкершілігінің де зор екенін есте ұстау қажет.

 

Мейрамбек ТӨЛЕПБЕРГЕН,

Мәжіліс депутаты