Пікір • 28 Қараша, 2022

Көзбояушылықтан арылайық

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жыл ел тарихында үлкен саяси өзгерістерге толы болды. Ең алдымен ауызға алатынымыз – Конституциялық реформа. Халық саяси өзгерісті жақтап референдумда дауыс берді. Міне, соның ізін жалғаған президент сайлауы да мәресіне жетті. Ел сеніп Қасым-Жомарт Тоқаевты Мемлекет басшысы етіп қайта сайлады. Президенттің 7 жылдық жаңа мерзімге және тек бір реттік сайлануын да елдің саяси шежіресіндегі жаңа тарихи беттің басталуына баладым.

Көзбояушылықтан арылайық

Президент: «Халқымның сенімі – маған аманат», деді. Ендеше, біз үшін де Мемлекет басшысының сенімі аманат болып, оған қиянат жасамауымыз керек. Қалайша?! Қасым-Жомарт Кемелұлының қол қойған жарлықтарын, бастамаларын бұлжытпай орындап, адалдық танытсақ, сол – біздің аманатымыз.

Кезінде талай нәрсені көрдік. Жаңадан ашылған зауыттар лентасы қиылып, ашылу рәсімі әдемі өткізілген соң ертесіне жабылып қалып жатты. Мі­не, осындай көзбояушылықтан арыла­тын уақыт жетті. Ондай алдауды, қу­лықты ел экономикасы енді көтер­мейді.

Бір-бірімізге тілектес болып, жана­шырлықпен қабылданған бағдарлама, жоспарларды орындамасақ, құжат сол қағаз күйінде тағы да қалып қояды. Алысқа бармай-ақ қасымыздағы көршіміз Өзбекстанға қарайықшы. Техника атаулының бәрін шығарып жатыр. Ұшаққа дейін жасайды. Біздің неге қолымыздан келмейді ендеше?! Әрине, келеді. Бұл жерде елімізге керегі тек адалдық пен әділдік. Президент сол үшін де әділетті қоғам, экономика, мемлекет деп кешегі ұлықтау рәсімінде босқа айтқан жоқ.

 

Марат СЕЙДАХМЕТОВ,

экономика ғылымдарының кандидаты, доцент

 

Шымкент

Соңғы жаңалықтар

Баға тұрақтылығы – басты назарда

Экономика • Бүгін, 08:55

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Ырысын ізденіспен еселеген

Еңбек • Бүгін, 08:43

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10