Компанияның бас директоры Серік Естай бұған байланысты былай деп атап көрсетті: – Өмір тек компанияның негізгі өндірістік міндеттерін шешумен ғана шектелмейді. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі әрі жетім жеткіншектерге көмек қашанда қажет және біздің борышымыз – оларға үнемі көмектесіп отыру, өйткені, өміріміздің болашағы балаларымызға байланысты.
«Интергаз Орталық Азия» АҚ корпоративтік қайырымдылықтың ізгілік қағидаттарын бұлжытпай ұстануды дәстүрге айналдырған. Қайырымдылық пен мейірімділік қызметінің негізгі бағыты – балаларға арналған акциялар болып отыр.
Компания қоғам алдындағы өзінің жоғары әлеуметтік жауапкершілігін сезіне отырып, өндірістік қызметін ғана емес, тұтастай алғанда, бүкіл өңірлердің әлеуметтік өміріне де қатысуды абырой деп санайды.
Осыған орай, компания білім, ғылым, денсаулық сақтау және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы әлеуметтік инфрақұрылымға қолдау көрсетеді, сондай-ақ, спорт, шығармашылық, еліміздің мәдени-тарихи және рухани мұрасын дамыту мен сақтауды да қолдайды.
Марат АҚҚҰЛ,
«Егемен Қазақстан».

Қоғам • Кеше
Қазақстан IT-қызметтердің экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапты
Технология • Кеше
Ербол Тұяқбаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Кеше