Қоғам • 29 Қараша, 2022

3,4 млн тонна асфальт төселді

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазір Қазақстанда жалпы ұзындығы 7 мың шақырымға жуық республикалық маңыз­ды автожолдардың 200-ге жуық учаскесінде жол салынып, құрылыс жұ­мыстары жүргізіліп жатыр. Оның ішінде 4 мың шақырымдай жерде жаң­ғырту жұмыстары, қалған 3 мың шақырымында жоспарлы жөндеу (орташа жә­не күрделі) жұмыстары іске асырылып келеді.

3,4 млн тонна асфальт төселді

Аталған жұмыс Қарағанды – Балқаш – Алматы, Мерке – Бурыл­байтал, Талдықорған – Қал­батау – Өскемен, Қалбатау – Май­қапшағай, Атырау – Астра­хань,  Ақтөбе – Қандыағаш, Өнеге – Бисен – Сайхин және басқа да трассаларда қолға алынған.

Бір маусымда республикалық автожолдарға 3,5 млн тонна асфальт төселді. Мәселен, маусым айынан бастап Қарағанды – Балқаш тас жолының 128 ша­қырымдай жеріне жаңа жол жабыны салынды. Құрылыс-монтаж жұмыстарымен 8 учас­ке қамтылды. Қазір 363 шақы­рымның 281 шақырым жерінде жол қозғалысы қамтамасыз етіл­ген. Бұған дейін айналма жол­дар­дың жалпы ұзындығы 148 шақырымды құраса, қазір 4 ша­қы­рым ғана.

Сонымен қатар Қызылқой мен Нұраталды ауылдары ара­сын­дағы күрделі учаскеде екі жо­лақ­ты жол қозғалысы ашылды.