Қоғам • 29 Қараша, 2022

Танысына жалған айып таққан әйел қамауға алынды

446 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талдықорған қаласының 29 жастағы тұрғыны зорлық фактісі бойынша танысына жалған айып таққаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Танысына жалған айып таққан әйел қамауға алынды

2020 жылдың қыркүйегінде Талдықорған қаласының полиция қызметкерлеріне 29 жастағы жергілікті тұрғын арызданып, өзіне зорлық көрсетті деген айыппен танысына шара қолдануды талап еткен. Аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп, нәтижесінде арызданушының өзі қамауға алынды.

Полицияның мәліметінше, істің барлық мән-жайын зерделеу кезінде тергеуші арызданушының айғақтарынан бірқатар сәйкессіздіктерді анықтаған. Жүргізілген сараптамаларлың нәтижесі де күмәнді болып шықты. Белгілі болғандай, әйел адамның танысы оны жұмысқа тұрғызудан бас тартқан. Сол кезде әйел адам танысынан кек алу мақсатында оған жалған айып тағуды ұйғарды.

«Зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс ақыры жабылып, арызданушының өзіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабы, яғни қылмысты көрінеу жалған хабарлау бойынша тергеу басталып, айыпталушы қамауға алынды», деді қалалық ІІБ бастығының орынбасары Шыңғыс Нұрахымов.