Оқиға • 29 Қараша, 2022

Талдықорғанда 41 жастағы тұрғынның мәйіті табылды

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

29 қараша күні Талдықорғандағы Орталық саябақтың аумағында 41 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Талдықорғанда 41 жастағы тұрғынның мәйіті табылды

Марқұмның денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері анықталған жоқ.

«Іс жүзінде сот-медициналық сараптама тағайындалды. Нәтижелері бойынша өлімнің себебі анықталып, түпкілікті іс жүргізу шешімі қабылданады», деп жазылған Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.