Ол бір әңгімесінде «Кейіпкерлерім өтірікті кешіре алмайды» деп жазыпты. Рас, кейіпкеріне өтірік айтқызған жазушының әдебиетте жолы болған емес. Болмайды да. Кейде мимырт тірліктен шаршап, демалу үшін оқитын дүниелер іздейміз. Қайта-қайта кеңес өкіметін сағынып, ол кезде қаламақы деген көп еді деп аузының суы құритын қартаң қаламгерлердің шығармаларының көбін оқып болғанбыз, енді бізге керегі өз замандастарымыздың жазғандарымен танысу. Шыны керек, қазір прозада есімі жиі аталатын қаламгердің бірі – Бақытгүл Сәрмекова. Оның әр шығармасынан қазіргі қоғамның ащы шындықтары айқай салып тұрады. Кейіпкерлері де біртүрлі, есімдері Итбай, Жарбагүл, Жақаш болып кете береді. Қаламгер жағымсыз кейіпкерлердің аттары оқырман ойында жатталып қалатынын ескерсе керек.

Оның «Қарагер тай» деп аталатын әңгімесі мейлі қай жағынан алып сараласақ та, қазіргі қоғамның һәм адамның бейнесін сипаттайды. Әр кейіпкерді айна алдына әкеліп, ішкі жан дүниесін, сезімін, санасын салмақтайды, «сен мынадайсың» деп зекімегенімен, астарлап айтады.
«Дастарқан жиналғанша Тұрардың езуі де жиылмады. Көзі жыпылықтап, айтылған әңгіменің бәріне бас шұлғи береді. Есік алдында топырлап жүрген бізге де қызық керек, Тұрардың кірпік қаққанын қалт жіберместен аңдып жүрміз. Атам мал шаруалаймын деп, әжем құрт сығамын деп, жеңгелер кино қараймыз деп сыпырылып үйден шығып кете барды. Жай кеткен жоқ, есік алдында жүрген өңшең біз сияқты бала-шағаны жетектей кетті. Кеш түсе Жарбагүл үйіне қайтатын болды. Бір аяғымен теуіп мотоциклді оталдырып алған атам Жарбагүлдің шыбықтай жіп-жіңішке бұрымын алпамсадай арқасында солқылдатып жолға түсіп кете барды». Қарапайым адамдардың өмірі қағазға түскенде, басқаша сипат алатынын осы шағын әңгімеден аңғаруға болады. Айналаға зер салсаңыз, жазушы кейіпкер еткен Тұрар да, Жарбагүл де біздің қоғамда бар. Шығармадағы «Тұрардың түрін адам аяғандай», «қаймақ толы бүйендей іркілдеген омырауларымен...», «шыбықтай жіп-жіңішке бұрым» деген сияқты тосын теңеулер оқырманды ойландырмай қоймайды. Ал соттан жеңілген қарттың қарагер тайдан айырылғандағы күйін «Атамның қоңыр қалпағы көтерілмеді» деп жалғыз ауыз сөйлеммен сипаттайды. Бұл – шеберлік.
Оның есімін әдеби ортаға таныс еткен «Ақындардан жеріну» деген әңгімесін күлмей оқу мүмкін емес. Кейде ішек-сілең қатады, «мынау әлгі кісі емес пе?» деп те күдіктенесің. «– Арқалы ақын… Арқыраған ақын… Сонау Атыраудан келген арда ақынымыз Итбай! – деп сампылдап тұрған асаба жігіттің сөзін аяқтатпастан қолындағы микрофонын жұлып алған күйі Ақын шықты ортаға арқаланып. Айналасын шөп басқан айдын көлге ұқсайды екен басы… Шаш атаулыдан ада болған төбе мейрамхана шамдарына шағылысады». Осы шығармада Итбайдың «иттігі» толық ашылған. Оның себебі заманнан ба, адамнан ба деген сұрақ та қосамжарласып, көңіліңе қонақтап, маза бермейді.
«Бір түндік неке» деп атаған әңгімесі де ауылдағы әлдебір оқиғаның ізімен баяндалады. Оқи отырып, «мұндай оқиғалар біздің ауылда толып жатыр» дерсіз, бірақ оны Бақытгүлше түрлендіріп жазу қиынға соғады. Тойдың, қуаныштың, некенің бір-ақ күнге жалғасқанын жеткізу үшін де жазушылық шеберлік керек те шығар. Құдағиының бар жақсысын ұрлап, тайып тұрған анасы мен қызын былай суреттейді: «Дәл осы уақытта қалаға жетіп үлгерген екі әйел олжаларын саудалап болып, кафелердің бірінде бокал толы сыраны соғыстырып, жаңа жоспарлар құрып отырған еді». Бір әңгіме – бір тағдыр.
«Сөйлемдегі өмір мен сөйлемнің өмірі бірікпегесін – тірі тіркес тумайды. Өмірдің тамыр солқылы мен сөйлемнің тамыр солқылын лингвистикалық проза ғана қоса алады» деген Асқар Сүлейменовтің даналығы осындайда еске түседі. Бақытгүл аз жазады, тіпті сөзді де сезім сияқты үнемдеп жұмсағысы келеді. Сонысымен де ерекше. Бір сөзбен айтқанда, ол кейіпкерін іздеп жүрген жазушы.
Түркияда тағы екі отандасымыз жоғалып кетті
Оқиға • Бүгін, 13:30
Эстонияның теңіз академиясы Қазақстан студенттерін оқытуға дайын
Білім • Бүгін, 13:15
Бес өңірдегі Президент резиденциялары балалар игілігіне беріледі
Қоғам • Бүгін, 13:07
Шетелдіктердің Қазақстанда тұрақты тұруына рұқсат ресімдеу қағидалары өзгерді
Қазақстан • Бүгін, 12:53
Мексика әйгілі құтқарушы иттерін Түркияға көмекке жіберді
Әлем • Бүгін, 12:42
Жер сілкінісі кезінде дүниеге келген сәби құтқарылды
Әлем • Бүгін, 12:30
«АМАNАТ» партиясы ОСК-ға құжаттарын тапсырды
Қоғам • Бүгін, 12:22
Алматыда интернет-алаяқтар тобы ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Ақмолада қосалқы электр станциясын салу кезінде 1,3 млрд теңге ұрланды
Қаржы • Бүгін, 12:05
Оқиға • Бүгін, 11:51
Президент Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды
Президент • Бүгін, 11:44
Қазақстан және араб елдері арасындағы ынтымақтастық талқыланды
Саясат • Бүгін, 11:33
Ақын Дәулеткерей Кәпұлы «Ауыл» партиясы атынан сайлауға қатысады
Сайлау • Бүгін, 11:22
Астанада ұлттық пікірсайыс турнирі өтеді
Қазақстан • Бүгін, 11:15
Оралда жанармай талонмен беріліп жатыр
Қоғам • Бүгін, 11:08
Жигули Дайрабаев пен Қарақат Әбден Мәжіліс сайлауына қатысады
Сайлау • Бүгін, 10:58
Алматы облысында жол апатынан бір адам қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 10:50
Палестинада 4,8 балдық жер сілкінісі болды
Әлем • Бүгін, 10:45
Димаш Құдайберген Түркияға қаржылай қолдау көрсетеді
Қоғам • Бүгін, 10:32
Павлодарда түрмеге есірткі кіргізбек болған әйел ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:23
Түркияға Қазақстанның тағы бір құтқарушылар жасағы аттанады
Оқиға • Бүгін, 10:12
Әлем • Бүгін, 10:03
Мейірім Нұрсұлтанов жапон боксшысымен жұдырықтасады
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 09:55
Австралия ұлттық паркіне Boeing ұшағы құлады
Әлем • Бүгін, 09:43
Түркияда зілзаладан қаза тапқандар саны 5800-ден асты
Әлем • Бүгін, 09:35
Екібастұзда уақытша жылу өшіріледі
Аймақтар • Бүгін, 09:27
Өткен тәулікте 91 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:20
8 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:12
Президент Түркияға көмек ретінде 1 млн доллар бөлуді тапсырды
Президент • Бүгін, 09:07
Сайлау • Бүгін, 08:58
Жаңа медиа және ғалам экономикасы
Қоғам • Бүгін, 08:55
Егіске несие беру жалғасып жатыр
Несие • Бүгін, 08:50
Қазақстан • Бүгін, 08:45
Инвестиция • Бүгін, 08:40
«Қара пима» көрерменге ой салды
Театр • Бүгін, 08:35
Марапат • Бүгін, 08:35
«Grand Slam» жарыстары елімізде өтеді
Спорт • Бүгін, 08:30
Қазақстан • Бүгін, 08:25
Әлем • Бүгін, 00:28
Азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары
Үкімет • Бүгін, 00:26
Ұқсас жаңалықтар