Пікір • 30 Қараша, 2022

Денсаулық саласы аянып қалмайды

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел тағдырындағы тарихи сәт – басым көпшіліктің дауы­сы­мен жеңіске жеткен Қазақстан Республи­касы Пре­зидентін ұлықтау рәсіміне куә бол­дық. Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезектен тыс сай­лаудағы сенімді жеңісі – ұлт бірлігін, республи­каның бүкіл азаматының жаңа және әділетті Қазақстан құруға деген ұмтылысын көрсетті.

Денсаулық саласы аянып қалмайды

Ел Президенті өз сөзінде ауыл халқын қолдауға ерекше тоқталды. Бұл тұрғындардың өмір сүру сапасы мен денсаулығын жақсартуға бағытталған денсаулық сақтау саласын жаңғырту бағдарламасына қатысты.

Қасым-Жомарт Кемелұлы дәрігерлер мен педагогтер ерекше құрмет пен мәртебеге лайық екеніне екпін берді. Алдағы уақытта медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін неғұрлым айқындайтын және сақтандыру тетіктері арқылы олардың тиімді қорғалуын қамтамасыз ететін бірқатар заңнамалық норма қабылдау қажет.

Қазақстандықтар әлеуметтік, экономикалық тұрғыдан әл-ауқаты жоғары әділетті Қазақстанды құру жолында саналы таңдау жасады. Мемлекет басшысының түрлі жоспарлы бағ­дар­ламаларға қатысты тапсырмасын денсаулық сақтау сала­сы да жауап­кершілікпен жүзеге асырады деп сеніммен айта ала­мын. Халық «бірінші байлық денсаулық» деп бекер айтпайды.

Президенттің сайлауалды бағдарламасында халық сала­мат­ты­лығын кезең-кезеңмен арттыру, бөлінетін қаржы­ны лайық­ты игеру жүйелі айтылды. Осы жолда біздің сала аянып қалмайды.

 

Ажар ҒИНИЯТ,

Денсаулық сақтау министрі