Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов баспасөз мәслихатын өткізді. Онда Алматыда өңірлік қаржы орталығын құру және оның жұмыс істеу мәселелері туралы айтылды. Бұйыртса, 2020 жылға дейін Алматы қаласындағы қаржы орталығын дамыту тұжырымдамасы биылғы жылдың соңына дейін қабылданбақ екен. Ол жөнінде брифингте Ұлттық банк төрағасы айтты. «Алматыда қаржы орталығын құру бастамасы, осы уақытқа дейін тиістi деңгейде дамытылған жоқ болатын. Десем де, Мемлекет басшысының тапсырмасымен бүгін Үкiмет Ұлттық банкпен бiрге бұл бағытта бiрқатар нақты шешiмдердi кең талқылап, қабылдады. Нәтижесінде, қаржы орталығының 2020 жылға дейiнгi даму тұжырымдамасы толығымен қайта қаралады. Енді бұл құжат ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейiн қабылданатын болады», дедi Қ.Келiмбетов. Аталған құжатты әзiрлеуге барлық мемлекеттiк органдары тартылыпты. Сондай-ақ, бұл іске Еуропа қайта құру және даму банкi, Азия даму банкi, Дүниежүзiлiк банк пен Ислам даму банкiнiң мамандары да жұмылдырылыпты. Ендігіде қаржы орталықтарының даму саласының жетекшi мамандары да бұл жұмысқа қатыспақ ниетте екен. «Таяуда Астана экономикалық форумы аясында Үкiмет Ислам даму банкiмен 2 млрд. АҚШ доллары көлемiнде инвестиция тарту туралы келiскен болатын. Сол келiсiм аясында Ұлттық банк пен Ислам даму банкi арасында кездесулер өттi. Кездесуде Алматыны Орталық Азиядағы Ислам даму банкiнiң аймақтық хабына айналдыруды келiстiк», дейдi Қ.Келiмбетов. Ұлттық банк Қазақстанда ислам қаржыландыру мамандарын даярлауға бел буып, қаржы бөлмек екен. Әуелгіде ислам қаржыландыруы бойынша әлемдiк деңгейдегi 50-ге жуық адамды даярлауды жоспарлап қойыпты. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».
Экономика • 03 Маусым, 2014
Алматы өңірлік қаржы орталығына айналады
AERC: Жаңа үйлердің бағасы қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 15:47
2025 жылы 83 ауыл жойылды: Елді мекендердің ертеңгі тағдыры қандай?
Ауыл • Бүгін, 15:30
Спортшылар мен өнер майталмандары Ата заң жобасын қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 15:23
LRT-ға кассирлер керек: CTS компаниясы үміткерлерге қандай талап қойып отыр?
Қоғам • Бүгін, 15:18
Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Бүгін, 15:08
Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Құқық • Бүгін, 14:42
Президент Жапония Императорын туған күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 14:32
Геологиялық барлау саласындағы 20 жоба қаржыландырылады
Үкімет • Бүгін, 14:22
Аида Балаева: Жаңа Ата заң адам құқығы мен бостандығын басты орынға қояды
Ата заң • Бүгін, 14:10
Енді ХҚКО-дан құжатты тәуліктің кез келген сәтінде алып кетуге болады
Қоғам • Бүгін, 14:04
Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Қоғам • Бүгін, 13:51
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Өндіріс • Бүгін, 13:28
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Логистика • Бүгін, 13:11