Оқиға • 30 Қараша, 2022

Алматыда 500-ге жуық оқушы эвакуацияланды

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін сағат 12:10-да Алматы облысы Полиция департаментінің кезекші бөліміне М. Бейсебаев атындағы Талғар агробизнес және менеджмент колледжіне бомба қойылғаны туралы ақпарат түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда 500-ге жуық оқушы эвакуацияланды

«Полиция қызметкерлері басқа уәкілетті органдармен бірлесіп 500-ге жуық оқушыны, 97 оқытушыны, 7 техникалық персоналды және 2 күзетшіні эвакуациялады», деп жазылған хабарламада.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша Талғар ауданы ПБ-ға тіркелді.

Қазіргі уақытта саперлер арнайы операция жүргізуде. Оның нәтижелері бойынша жағдайға құқықтық баға беріледі.