Елордада театр мен тұлға тойы қатар аталып өтті. Астаналық Жастар театрының 15 жылдығы және театрдың негізін қалаушы әрі көркемдік жетекшісі, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрқанат Жақыпбайдың 75 жасқа толған мерейтойы Арқаның аязды күндеріне шуақ сыйлап, көрермендер үшін шын мәнінінде өнердің үлкен мейрамына ұласты.

Жаңа театрдың іргесін қалап қана қоймай, оның тағылымды тарихын абыроймен қалыптастырып келе жатқан режиссер Нұрқанат Жақыпбайдың өзі бүгінде тарихи тұлғалар қатарына еніп үлгерді. Алпысында алып асқарды бағындырып, өмірлік арманы – төл шәкірттерінен құралған жеке театрының шымылдығын түріп һәм оны өнердің мұзартына шығарып, Қазақстан ғана емес, әлем мойындаған іргелі өнер ордасына айналдыру, әлбетте, кім-кімнен болсын қажырлы қайрат пен таусылмас ерік-жігерді талап етері сөзсіз. Міне, сол тәуекел мен ерлік осыдан тура 15 жыл бұрын Нұрқанат Жақыпбайдың бойынан табылған болатын. Ал жас театрдың бүгінге дейінгі жеткен жетістігі мен бағындырған биігі – игі ізденістердің мәуелі жемісі.
Тұлға бойындағы осы шығармашылық ерекшеліктер екшеліп, суреткердің театр ашу жолындағы тағылымды еңбегі кәсіби көзқарас тұрығысынан талданып, байыпты бағаланатын осы жолдар авторының «Қиялдан қиянға самғаған бір пендең...» атты кітабының таныстырылымы мерейтой бағдарламасының шымылдығын ашып берді.
Бұл туынды көрнекті режиссер Нұрқанат Жақыпбайдың шығармашылық жолы мен ұлттық өнерге сіңірген еңбегін зерделуге һәм адами болмысын, талант табиғатын тануға арналған. Кітапта суреткердің актерлік пен ұстаздық жолынан бөлек, ұлттық режиссурадағы қайталанбас қолтаңбасы жан-жақты қырынан талданып, талғам биігінде таразыланады. Сондай-ақ өнер иесінің тыңнан түрен салып Арқа төрінен Жастар театрын ашуы және оны небәрі 15 жыл ішінде соны сүрлеуге түсіріп, ұлттық театр өнеріне жаңашыл леп әкелген қайраткерлік қырлары да кеңінен баяндалады.
Тұлға жайлы туындының тұсауын мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтанов пен филология ғылымдарының докторы, профессор Әділ Ахметов кесіп, жылы лебіздерін жеткізді. Ал белгілі ақын, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрлан Оразалин мен Жастар театрының директоры, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, актер Әділ Ахметов тізгіндеген салтанатты жиынның екінші бөлімі іле ғылыми-тәжірибелік конференцияға ұласты.
– Бір замандарда театр дейтін ең көне өнердің бағыты мен бағдарын анықтау бақыты драматургтердің қолында болғанын тарихтан жақсы білеміз. Бұл жазусыз қағиданы жиырмасыншы ғасыр өзгертті. Өмір мен өнердегі сілкіністер театр тізгінін бірте-бірте режиссураның қолына өткізді. Кешегі театр авансценасынан оқылатын монологтерді режиссер қиялынан туған синкретті көркем ойлау мен көркем пластика ығыстырды. Софокл, Сервантес, Шекспир, Чехов, Әуезов театры дейтін ұғымдарды бірте-бірте Мейерхольдтың, Питер Бруктың, Пансоның, Стуруаның, Мәмбетовтің театры дейтін жаңа анықтауыш ұғымдар алмастырды. Жиырмасыншы ғасыр түренін салған осынау өнер реформасы өрісін кеңейтті. Ел ауызында «Нұрқанаттың театры» деген атпен тараған, рухани кеңістігімізге өз мәнерімен, өз ойлау жүйесімен ешбір театрға ұқсамайтын өз мінезімен, әсірелеп айтқанда, өзінің «бунтарьлық» жаратылысымен еркін енген, тәуелсіздік дәуірі тұсауын кескен астаналық Жастар театры осы сөзіміздің айқын дәлелі! Бұл театрдың әр жаңа спектаклі берісі – республикалық, әрісі дүниежүзілік фестивальдердің гран-приін алмаған кезі кемде-кем... Бір сөзбен айтқанда, Жастар театры – өнеріміздің әлемінде бағы жанған өрісі кең, өркенді театр, деп театрдың баянды жетістіктерін бағалауға арналған ғылыми жиынның әлқиссасын айтқан Нұрлан Оразалиннің сөзін әрі қарай ғылыми көзқарас негізінде сабақтаған PhD, режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров: – Нұрқанат Жақыпбай – өзіндік әдістемесі бар жаңашыл режиссер. Біз Ресейдегі П.Фоменко шеберханасын білеміз, онда тек оның шәкірттері ғана сахнада қызмет етеді. Сондай-ақ Санкт-Петербургте шағын драма театры бар, онда Лев Додиннің әр жылдары дәріс алған студенттері ғана ойнайды. Қарап отырып бірден сол студиялық атмосфераны бірден сезіну өте жақсы. Орыс театры кеңістігінде мектеп-студия-театр деген ұғым бар. Бізде де қолданысқа енуде. Оны енгізіп жатқан тұлға – Нұрқанат Жақыпбай. Бұл – оның төл шәкірттері және біздің үмітімізді ақтайтын эксперименттік, зертханалық жұмыстары, деп Жастар театрының бүгінгі келбеті мен Нұрқанат Жақыпбайдың театрға әкелген жаңалығына тұшымды талдау жасады. Сол кезде Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметінде болған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ермек Аманшаев Жастар театрының алғашқы құрылу жылдарының куәсі ретінде қызықты естеліктерімен бөлісті. Мәжіліс депутаты, айтыскер ақын Аманжол Әлтай, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұстаздары Аман Құлбаев, Гүлдана Сапарғалива бастаған бір топ сөз бен саз өнерінің өкілдері де өз құттықтауларын жеткізді.
Сондай-ақ алқалы жиында Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген қайрат-
кері, Қырғыз ұлттық телерадио корпорациясының директоры, драматург Қайрат Иманәлиев Жастар театры мен Нұрқанат Жақыпбай өнері қырғыз елінде де жоғары бағаланатынын алға тартып, жазда театр ұжымын Бішкекке арнайы шақырды. Қоғам қайраткері лебізінің соңын Жастар театрының өнеріне жоғары баға берумен түйіндеді.
Өнер ошағы мен режиссердің мерейтойына орай келіп түскен құттықтау хаттар легінде де шек болмады. Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың құттықтауын сенатор Нұртөре Жүсіп, Астана қаласы әкімінің құттықтауын орынбасары Ерлан Дәкенов оқып берді. Сонымен қатар Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтан келіп түскен құттықтау хатта да елордалық Жастар театры мен оның көркемдік жетекшісі Нұрқанат Жақыпбай еңбегіне биік баға берілді.
Салтанатты жиын соңы сахна төрінде өткен театрдың тарихынан сыр шертіп, құрылу жолы жан-жақты баяндалатын мерекелік кешке ұласты. Мерейтой режиссер Нұрқанат Жақыпбай қолтаңбасында қойылған У.Шекспирдің «Ромео-Жульетта» спектаклінің премьерасымен түйінделді. Әйгілі ағылшын дараматургінің классикалық туындысын жаңаша формада сараптап, қазақтың ұлттық табиғатына лайықтап қойған суреткер жұмысы театрға жиналған көпшілік көңілен шығып, толассыз қошеметке бөленді.
Расымен де, сан жанр мен сахна мүмкіндігін бір арнада тоғыстырып, содан көркемдік деңгейі жоғары биік өнер тудырған Жастар театрының өнер аламанына келіп қосылуы – қазақ театрларының шығармашылық тұрғыда жаңаша түлеп, сілкінуіне ұйытқы болғаны сөзсіз. Себебі бұған дейін өнерге өзгеше талап қойып келген мәдениет ошақтары жас труппаның заманауи театр мәдениетін жетік игеріп және содан ғаламат нәтиже көрсеткен алғашқы аяқалысынан-ақ жақсы мағынасындағы бәсекелестік рухты сезініп, сахна әлемі соны серпіліске бағыт түзеді. Сөз бен ой ендігі жерде қимыл әрекетімен жарысқа түсті. Сахнагерлер сан өнердің басын бір бойында тоғыстырар жан-жақтылыққа, әмбебаптыққа қарай ұмтыла бастады. Музыкалық спектакль қоюшылардың көпшілігі фонограммадан бас тартып, мюзиклге жанды дауыста өнер көрсетуге ниет білдірісті. Актерлердің жеке дара өнер көрсетуімен бірге сахнада ансамбльдік біртұтастыққа жету ізденістері де қолға алына бастады. Театр төрінде түрлі эксперименттік бағыттағы қойылымдар өмірге келіп, пластика мен әуезді әннен ғаламат үндестік түзілді. Мұны да белгілі бір деңгей мен өлшем аясында, Жастар театрының жасампаздық рухының жемісі деп бағалау керек.
...Иә, осыдан тура 15 жыл бұрын Нұрқанат Жақыпбай елорданың төріне өз қолымен әкеп еккен бір түп шыбық бүгінде тамырын кеңге жайып, саялы бәйтерекке айналды. Арман ақиқаттың жолына түсті. Алғашқы жемісін бере бастады. Жас өркенге тыныс сыйлап, демін ашқан сол мәуелі бәйтерек өнер-орманындағы өз орнын белгіледі. Небәрі 15 жылдық тарихында республикалық, халықаралық байқаулардан 14 бірдей Гран-При жүлдесін қанжығасына байлауы да жас ұжым өнерінің бағытына бағдар, өрісіне өлшем. Жалғыз жолаушы адаспапты. Соңынан қаулап өсіп келе жатқан ордалы орманға бағбан Нұрқанат ойлана ұзақ көз тігеді...
Алматы облысында көліктің барлық қозғалыс түріне шектеу қойылды
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында тас жолдың бір бөлігі жабылды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл облысында екі балықшы мұз астына түсіп кетті
Аймақтар • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Риддердегі вокзалда 2 вагон аударылып қалды
Оқиға • Кеше
Петропавл-Алматы бағытындағы пойызда өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Алматыда жаңа автобус бағыты пайда болады
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде 28 жастағы ер адам зейнеткерді тонап кетті
Аймақтар • Кеше
Үкіметте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
Үкімет • Кеше
Елімізде ұстаздар мерекесінің күні өзгеруі мүмкін
Қоғам • Кеше
Ақмола облысында 10 күнде 510 көлік заңдастырылды
Аймақтар • Кеше
4 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Кеше
Субсидиялардың 10-ға жуық кіші түрі жойылады - АШМ
Қазақстан • Кеше
Елордада «Open Day» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Елорда • 03 Ақпан, 2023
Үндістандағы қар көшкіні кезінде туристер қаза тапты
Әлем • 03 Ақпан, 2023
Қазақстан мен Өзбекстан сауда-саттық көлемін ұлғайтады
Үкімет • 03 Ақпан, 2023
ЕАЭО аумағына бірыңғай валюта енгізіле ме?
Қаржы • 03 Ақпан, 2023
Жетісу облысының сот ғимараттары миналанғаны рас па?
Аймақтар • 03 Ақпан, 2023
Қазақстан мен Словакия экономикалық байланысты кеңейтуге мүдделі
Экономика • 03 Ақпан, 2023
Елордада онкологиядан болатын өлім-жітім көрсеткіші азайды
Медицина • 03 Ақпан, 2023
Астанада «Вaitursynuly.kz» сайтының тұсаукесері өтті
Ахмет Байтұрсынұлы • 03 Ақпан, 2023
Махамбет Әбжан 9 жылға бас бостандығынан айырылды
Оқиға • 03 Ақпан, 2023
Таразда төрт жасар баланы тоқ соқты
Қоғам • 03 Ақпан, 2023
Қазақстан-Чехия дипломатиялық қатынасына арналған дөңгелек үстел өтті
Қазақстан • 03 Ақпан, 2023
Қазақстан мен Жапония арасындағы мәдени байланыстар нығайып келеді
Мәдениет • 03 Ақпан, 2023
«Астана» велокомандасы жаңа маусымды жеңіспен бастады
Спорт • 03 Ақпан, 2023
Ақтауда бірнеше ұрлық жасаған 18 жастағы жігіт ұсталды
Оқиға • 03 Ақпан, 2023
Дархан Қыдырәлі Түркі академиясының президентімен кездесті
Қазақстан • 03 Ақпан, 2023
Саясат Нұрбек «Digital Almaty 2023» форумына қатысты
Қазақстан • 03 Ақпан, 2023
Таразда халықаралық деңгейдегі Аквапарк іске қосылады
Аймақтар • 03 Ақпан, 2023
«AMANAT»-тың мәслихаттарға партиялық тізімдері 75%-ға жаңарды
Саясат • 03 Ақпан, 2023
Президент қолөнершілер көрмесін аралады
Президент • 03 Ақпан, 2023
Бас редакторлар клубының басшылық құрамы сайланды
Қазақстан • 03 Ақпан, 2023
Ұқсас жаңалықтар