Астанада жылдар бойы құрылысы тоқтап тұрған нысандар баршылық. Күрделі мәселеге жергілікті әкімдік пен қала халқы алаңдаулы. Мәселенің шешімі ретінде қала әкімдігі осыдан 5 жыл бұрын құрылысы тұралаған нысандар туралы жақсы бастама көтерген еді. Ізінше несиелік қаражат есебінен мерзімінен әлдеқайда кешіккен құрылыс жобаларын қаржыландыру мақсатында Астана қаласы әкімдігіне қарасты «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС уәкілетті ұйымы құрылды.

Әрине, кез келген түйткілді шешу үшін мәселенің байыбына барып, дұрыс шешім қабылдау маңызды. Бұл ретте құрылысы тоқтап тұрған нысандарға қатысты сауалдарды талдау әкімдік жанынан құрылған үлестік құрылыс мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құзырында екенін айта кеткен ләзім. Яғни сақалды құрылыстарды зерделеп, соның ішінде шешімі күрделі құрылыс нысандарын қаржыландыруды комиссия нақтылайды.
«Елорда құрылыс компаниясы» серіктестігі іске кіріскен тұста ең әуелі үлескерлері ең көп «Шығыс» және «Жағалау» тұрғын үй кешендерінде құрылыс-монтаждау жұмыстары қайта жанданды. 2019 жылы елордадағы проблемалық құрылыс нысандарының қатарында 150-ден аса үй болған (16 мыңға жуық үлескер). Сол жылы 10 нысанда 13 үйдің құрылысы аяқталып, 2,5 мыңнан аса үлескер көптен күткен пәтерін алған. Ал 2020 жылдың қорытындысы бойынша 14 нысандағы 20 үйдің құрылысы аяқталып, 3 мыңға жуық үлескердің мәселесі шешілген. Ол ол ма, былтыр 57 үйдің үлескерлері қоныс тойын тойлаған. Нақтырақ айтсақ, 7 мыңнан аса отбасы көптен күткен пәтерін алған. Осы бағыттағы оң жұмыстар биыл да үзілмеді. Қазір елордада мерзімі кешеуілдеген 30 үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Енді көп ұзамай сол үйлер пайдалануға берілсе, онда тағы 2 мың үлескер пәтер кілтін алады. «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 2023-2024 жылдары тағы 30 үйдің құрылысына қатысты шаруалар реттелсе, 2 мың үлескердің мәселесі шешіледі.
Аталған компания жергілікті әкімдікпен бірлесіп құрылысқа салынған мемлекет қаржысын қайтаруда да маңызды рөл атқаруда. Айта кету керек, уәкілетті ұйым үлескерлердің мәселесін шешумен шектелмей, елорда халқының әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз етуге көмектесіп жатыр.
Осыған дейін Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында құрылысы кешеуілдеген нысандардың қашан пайдалануға берілетінін айтқан еді.
«Біздің алдымызда 16 мың үлескер отбасының мәселесін шешу міндеті тұрды. Бұл – жай ғана сандар емес, ұзақ жылдар бойы жалдамалы пәтерлерді аралап жүрген біздің тұрғындардың тағдыры. Олар бұрында-ақ өз үйлеріне кіруге тиіс болған. Биыл құрылысы ұзаққа созылған тағы 30 көппәтерлі тұрғын үйді салып бітіруді жоспарлап отырмыз. Ұзаққа созылған құрылыстардағы жұмыстың аяқталуы – Мемлекет басшысының бақылауында. Жыл соңына дейін аяқталатын «сақалды» құрылыс саны 150-ден 120-ны құрайды, үлескерлер саны 15 мың отбасыдан 2 мың отбасыға дейін қысқарады. Соған қарамастан, тағы 30 «сақалды» құрылыс қалып отыр. Олардың құрылысын аяқтау бойынша нақты жоспарланған мерзім бар», дейді А.Көлгінов.
Қарап отырсақ, бірер жылдың ішінде Астана қаласында «сақалды» құрылыстардың саны еселеп азайған. Үлескерлердің мәселесі де кезең-кезеңімен шешілуде. Мысалы, 70 жастан асқан қария Ислам Қабдолұлы жылдар бойы күткен пәтеріне қол жеткізгеніне дән риза.
«2014 жылы сәуір айында «Шаңырақ» тұрғын үй кешенінің басшысымен кездескенімізде үй жарты жылда соғылып, пайдалануға беріледі деп уәде берген еді. Содан не керек, 2 бөлмелі үйге 10 млн теңге ақша аударып, күттік. Күзге жеттік. Үй жоқ. Компания банкрот болып, біз сырт қалдық. Кейін «Алға Самал» деген тұрғын үй құрылыс кооперативін аштық. Содан кейін үкімет ақша бөліп, «Елорда құрылыс» компаниясының көмегімен Нұрғиса Тілендиев көшесіндегі үйді былтыр қарашада алдық. Бұл үйге келгенімізге де жылға жуықтады. Қазір көңіліміз жайлы. Бірақ сегіз жылдай жалдамалы пәтерде тұрып сенделдік. Тәубе дейміз. Тұрғын үй мәселесін шешуде жерде қалдырмай жәрдемдескен Үкіметке, жергілікті әкімдік пен «Елорда құрылыс компаниясына» алғыс зор», дейді қария.
Астана қаласында Ислам Қабдолұлы секілді үйіне жете алмай жүрген үлескерлердің азайғанын жоғарыда келтірген статистикалардан біле берсек болады. Ендеше, жергілікті әкімдік пен Астана құрылыс компаниясы қолға алған жобалар жемісті болсын демекпіз.
Маңғыстауда көлікте ұйықтап қалған азамат қайтыс болды
Аймақтар • Бүгін, 19:55
Зейнетақы жинақтары желтоқсанда 260 млрд теңгеге өсті
Қаржы • Бүгін, 19:42
БҰҰ өңірлік орталығының басшысы Қазақстанға келеді
Саясат • Бүгін, 19:32
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 19:13
Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 19:05
Пәкістандағы мешітте жарылыс болды
Әлем • Бүгін, 18:55
Үкімет басшысы «Digital Almaty 2023» форумына қатысады
Қазақстан • Бүгін, 18:40
Жол апатына ұшыраған көлік жүргізушісі тірідей өртеніп кетті
Оқиға • Бүгін, 18:30
Ел азаматтары ЖШС-ні мобильді қосымша арқылы тіркей алады
Қазақстан • Бүгін, 18:14
10 мыңнан астам қазақстандық өзін банкрот деп жариялауға дайын
Қоғам • Бүгін, 18:08
Қостанай облысының білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:55
Түрікменстан елшісі «Егемен Қазақстанға» келді
Қоғам • Бүгін, 17:44
Астана - Анкара рейсіне билеттер сатыла бастады
Әлем • Бүгін, 17:23
Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылады
Саясат • Бүгін, 17:17
Доллар 460 теңгеден төмен түсті
Қаржы • Бүгін, 17:08
Өңірлермен тығыз қарым-қатынас орнату қажет - Мәулен Әшімбаев
Парламент • Бүгін, 16:55
Қазақстан-Эстония арасында саяси консультациялар өтеді
Қазақстан • Бүгін, 16:47
Қаржы министрлігі банкроттықтан кейінгі салдар туралы айтты
Қоғам • Бүгін, 16:38
Парламент сайлауында азаматтардың 53,3 пайызы дауыс беруі мүмкін
Қоғам • Бүгін, 16:29
Ұлытау облысы спорт басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:12
Мұхтар Тілеуберді Оман Сұлтандығына ресми сапармен барады
Саясат • Бүгін, 16:03
Алматыға ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары келеді
Саясат • Бүгін, 15:51
Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:48
Сайлаушылардың көпшілігі саяси плюрализмді жақтайды
Қоғам • Бүгін, 15:38
Жетісу облысында фермерден заңсыз қару мен оқ-дәрілер тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 15:24
Былтыр өндірістегі жазатайым оқиғалардан 203 адам қаза тапты
Қоғам • Бүгін, 15:16
Алматы облысында есірткі өндірісін ұйымдастырмақ болғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Өскемендік ғалымдар жаңа жобаны қолға алды
Қоғам • Бүгін, 14:48
Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 14:35
Ертең елордада Үкімет отырысы өтеді
Үкімет • Бүгін, 14:21
Астана әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:05
Өзбекстанда «Сергек» жүйесі іске қосылды
Қоғам • Бүгін, 13:53
Астанада «Бұрқасын-2023» фестивалі өтеді
Елорда • Бүгін, 13:43
Жаңа Зелендияда су тасқынынан 4 адам қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 13:32
Қостанай облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:18
Чехияның жаңа президенті сайланды
Әлем • Бүгін, 13:00
Қазақстанда ауасы ең лас қала аталды
Экология • Бүгін, 12:59
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 12:57
Елде 16 мың адам алимент төлемей жүр
Қоғам • Бүгін, 12:52
Болат Өтемұратов Рыбакинаға қатысты пікір білдірді
Теннис • Бүгін, 12:49
Ұқсас жаңалықтар