Футбол • 01 Желтоқсан, 2022

ӘЧ: Франция құрамасы Тунистен жеңілді

428 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық кезеңінің соңғы турындағы Тунис пен Франция құрамалары кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

ӘЧ: Франция құрамасы Тунистен жеңілді

Францияны минималды есеппен жеңген Тунис құрамасы әлем чемпионатымен қоштасты. Параллель ойында есепте үш ұпайы бар Австралия Данияны жеңді (1:0).

Осылайша, Франция алты ұпаймен турнир кестесінде бірінші орнын сақтап, плей-офф кезеңіне өтті. Ал Австралия екінші жеңісіне байланысты чемпионаттағы ойынын жалғастырады. Ал Тунис (4 ұпай) пен Дания (1 ұпай) футболшылары елдеріне қайтады.