Аймақтар • 02 Желтоқсан, 2022

СҚО-да дүкеннен 300 литр алкоголь тәркіленді

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысы Саумалкөл аудан орталығында полицейлер 300 литр заңсыз алкоголь өнімін тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz

СҚО-да дүкеннен 300 литр алкоголь тәркіленді

Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, контрафактілік өнімдер жергілікті дүкенде сатылған. Сауда иесінің 580 бөтелкеден астам алкоголь өнімін сатуға лицензиясы болмаған. Ол «Тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарламасыз кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру» әкімшілік бап бойынша жауапкершілікке тартылады.

Полицияның айтуынша ауылдық жерлерде рұқсат етілмеген алкогольді ішімдіктерді қолдарынан сату сирек емес. Бұл көбінесе түнде және мас күйінде заңсыз тауар алуға келген адамдардың мінез-құлқына байланысты сатып алушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді, ал көршілер үшін алаңдаушылық тудырады.

Жалпы, жыл басынан бері облыста алкоголь өнімін лицензиясыз сатудың 237 фактісі тіркелген. Заңсыз айналымнан 8 мың литрге жуық алкоголь тәркіленді.