Қоғам • 02 Желтоқсан, 2022

Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 338 мыңнан астам қызмет көрсетілді

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы шамамен 304,3 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 7,2 мың – ымдау тілі қызметін, 26,9 мың – жеке көмекшінің қызметін алды, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 338 мыңнан астам қызмет көрсетілді

Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.

Айта кетсек, порталда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 827 медициналық-әлеуметтік мекеме (бөлімшелер), 287 ОТҚ жеткізуші, 25 мыңнан астам жеке көмекші, 649 ымдау тілін қызметін, 93 санаторлық-курорттық емдеуді, 69 кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы жеткізушілер тіркелген.