Оқиға • 02 Желтоқсан, 2022

Мексикада II дүниежүзілік соғыстың соңғы ардагері қайтыс болды

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

II дүниежүзілік соғыстың соңғы мексикалық ардагері, сержант Орасио Кастильеха Альбарран 99 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мексикада II дүниежүзілік соғыстың соңғы ардагері қайтыс болды

Бұл туралы Мексиканың қорғаныс министрлігі хабарлады. 

Ол 1945 жылы АҚШ Әскери-әуе күштерімен бірге Филиппиндегі Жапонияға қарсы шайқастарға қатысқан. Сондағы «Ацтек қырандары» деп аталатын 201-ші эскадрилья құрамындағы 300 мексикалық ұшқыштың бірі болған. 

1942 жылы 18 жасында Кастильеха Әскери училищені бітіріп, радио операторы мамандығын алып шыққан соң ұшу шеберлігі тобына қосылған. 

Айта кетейік, ол «Қиыр Шығыстағы қызметі үшін» медалімен марапатталған.