04 Маусым, 2014

Жанды жадыратқан Жазгүл

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жазгүл ДанылбаеваЖиырма жылдан бері қазақтың дәстүрлі ән өнеріне өзінің үлесін қосып келе жатқан Жазгүл Данылбаева жақында Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік филармониясының қолдауымен Конгресс-холда «Арман-ай!» атты жеке концертін өткізді. Кештің көркін көбінде оның орындауындағы халық әндері кір­­гізді. Әсіресе, «Угәй-әй» жұрт­шы­лық­ты бір серпілтіп тас­тады. Сол секілді Алтынбек Қо­ра­збаевтың «Ауылымы», Сады­қожаның «Сары бидайы», Қапез­дің «Үш Меркісі», өзге де рухты дүниелер ерекше әсерге бөледі. Әншінің ұстазы Ержан Қосбармақов шәкіртінің талантына тәнті екенін жан-жақты айта келіп, өзі де «Ағайын» атты толғауды айтып, қолдау көрсетті. Қашан да бір-бірімен қанаттас жүретін танымал әншілер Н. Әлқожаева, А.Елшібаева, М.Арапбаева, Б.Балажанова, К.Тө­лен­баева, Салықовтар отбасы Жазгүлдің жан жадыратқан әндеріне өз үлестерін қосып, үкілеп отырды.

Қасымжомарт ДӘУЛЕТ.

Астана.