Оқиға • 05 Желтоқсан, 2022

Ресейде тұрғын үйде жарылыс болып, 6 адам қаза тапты

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей Федерациясының Ханты-Мансийск автономиялық округінің (ХМАО) Нижневартовск қаласындағы бес қабатты тұрғын үйде жарылыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресейде тұрғын үйде жарылыс болып, 6 адам қаза тапты

Жарылыс салдарынан 6 адам қаза тапты.

Төтенше жағдай болған жерде құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Олардың айтуынша, үйінді астында әлі де адамдар болуы мүмкін.

Бұған дейін РФ ТЖМ төрт адамның қаза тапқанын хабарлаған. Сонымен қатар, бес қабатты үйден он тұрғын құтқарылып, 52 адам қауіпсіз жерге көшірілген.

Оқиғаға қатысты тергеушілер қылмыстық іс қозғады. Олардың болжамы бойынша, 4 желтоқсанда қаладағы Мира көшесіндегі ғимараттың пәтерлерінің бірінде газ жарылған.  Алдын ала жасалған болжамға сенсек, жарылыс газ баллонының дұрыс орнатылмауы салдарынан болған.

Айта кетейік, Нижневартовскідегі үйлер газбен қамтылмаған.