04 Маусым, 2014

Шарттарға қол қойды

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Рес­пуб­ли­касының Премьер-Ми­нистрі Кәрім Мәсімов бас­таған қазақстандық делега­цияның Венгрияға ресми сапары барысында Қазақстан Рес­публикасының Бас про­куроры Асхат Дауылбаев Вен­грияның Мемлекеттік әділет министрі Роберт Репашимен және Вен­грия­ның Бас прокуроры Петер Полтпен кездесті. Тараптар екі елдің құқық қорғау органдарының ара­сын­дағы өзара әрекет көпжақты және екіжақты түрде де жемісті жүзеге асырылып отырғандығын қанағаттанушылықпен атап өтті. Осы сапар барысында Қа­зақ­станның Бас прокуроры мен Венгрияның Мемлекеттік әділет министрі екі елдің қыл­мыстылықпен күрес, заңды­лық пен құқықтық тәртіпті қам­тамасыз ету ісіндегі ынты­мақ­тастықты нығайтуға бағыттал­ған Қазақстан Республикасы мен Венгрия арасындағы қыл­мыс­керлерді ұстап беру және сот­талған адамдарды беру туралы шарттарға қол қойды. А.Дауылбаев еуропалық елдер­мен мұндай шарттарды жасасу еуропалық мемлекеттер та­рапынан Қазақстанның құқық­тық жүйесіне деген сені­мі­нің артуының, біздің мемле­ке­тіміздегі адамның құқығы мен бостандығын қорғаудағы кепілдемені қамтамасыз етудің жалпыға бірдей халықаралық стандартына жауап беретін те­тіктердің құрылуының дәле­лі екендігін ерекше атап өтті, деп хабарлады Бас проку­ра­тураның баспасөз қызметі.