Үкімет • 06 Желтоқсан, 2022

Үкімет басшысы әкімдерге балық саласын дамытуды тапсырды

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы 3 жылда балықты қолдан өсіру көлемі 2 есе артты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет басшысы әкімдерге балық саласын дамытуды тапсырды

Дегенмен бұл Қазақстан нарығын қамтамасыз етуге жетпейді. Осы ретте Әлихан Смайылов өңір әкімдеріне тапсырма берді. 

«Бірінші, өңір әкімдіктері балық шаруашылығы саласына инвестициялар тарту жұмысын күшейтуі қажет. Балық өсіретін шаруашылықтарды ұйымдастыру үшін учаскелерді беру рәсімін жеңілдету керек. Екінші, сауда министрлігі өңір әкімдіктерімен бірлесіп, отандық балық өнімдерін сататын арнаулы объектілер құру мәселесін пысықтасын. Жергілікті өнімге сұранысты арттыру үшін жағдай жасау керек. Үшінші, Мемлекет басшысы Атырау облысындағы мемлекеттік бекіре зауыттарының техникалық жағдайын жақсарту қажеттілігін ерекше атап өтті. Сондықтан Экология, геология және табиғи ресурстар, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері мен облыс әкімдігі осы зауыттарды реконструкциялауды бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесіне енгізу мәселесін пысықтасын», деді Премьер-Министр.

ы