Қазақстандағы күріш қоры 144,7 мың тоннаны және 225 мың тонна шала күрішті құрайды, ол қайта өңдеуден кейін шамамен 112,5 мың тонна болады. Қоймаларда барлығы 257,2 мың тонна таза күріш болады, деп хабарлайды Egemen.kz Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жыл сайын 97 мың тонна тұтыну кезінде бұл қорлар Қазақстанның осы өнімге деген ішкі қажеттілігін 2 еседен астам жабады. Сонымен қатар бұл көлемдер 2023 жылдың жаңа өнімін алуға дейін жеткілікті болады.
Жиналған күріштің артық мөлшері басқа елдерге экспортталады. Осы жылдың 9 айында шетелге барлығы 70,6 мың тонна, оның ішінде 39,2 мың тонна тазартылған күріш және 31,4 мың тонна ұсақталған күріш сатылды.
Айта кету керек, Қазақстан аумағында ұсақталған күрішке сұраныс жоқ және оның көлемінің 70-80% сыра өндіру үшін Ресейге экспортталады. Тазартылған күріш бойынша бұл елге экспорт небәрі 9,5 мың тонна, ал ұсақталған күріш көлемі 24,6 тоннаны құрады.
Бұл ретте қазақстандық күрішті шетелге шектеусіз әкету күріш дағдарысына қауіп төндіреді деген ақпарат шындыққа жанаспайды.
Тазартылған күріштің құнына келетін болсақ, қараша айында оның Қазақстандағы көтерме бағасы келісіне 340-390 теңге, өндіруші зауыттарда 256 теңге, бөлшек саудада құны 489 теңгені құрады. Ресейде күріштің келісі көтерме саудада 362,8 теңгеге (57 рубль) сатылады.
Жалпы, 2022 жылы Қазақстанда күріш дақылдары 87,8 мың га құрады, олардан 486,5 мың тонна өнім жиналды. Оның ішінде 444,6 мың тонна өнім Қызылорда облысының үлесіне келеді.
Қоғам • Бүгін, 21:08
Қоғам • Бүгін, 21:00
Өнер • Бүгін, 20:59
Руханият • Бүгін, 20:55
Әннің түпнұсқа аты – «Қаракөз»
Тарих • Бүгін, 20:51
Өнер • Бүгін, 20:48
Өнер • Бүгін, 20:46
Кино • Бүгін, 20:44
Өнер • Бүгін, 20:42
Спорт • Бүгін, 20:38
Экотуризмге – айрықша көзқарас
Туризм • Бүгін, 20:36
Қысқы спорт • Бүгін, 20:34
Түсімнің көзі – туристік жарна
Туризм • Бүгін, 20:31
Бокс • Бүгін, 20:27
Рыбакина тағы да шеберлігін мойындатты
Теннис • Бүгін, 20:24
Бүйректегі тасты алудың жаңа тәсілі
Медицина • Бүгін, 20:20
Жәдігер • Бүгін, 20:14
Балғын қаламгерлер бағалы сыйлық алды
Аймақтар • Бүгін, 20:13
Теннис • Бүгін, 20:11
Спорт • Бүгін, 20:08
Хоккей • Бүгін, 20:07
Екібастұздағы ЖЭО-да сегіз қазандық жаңғыртылады
Аймақтар • Бүгін, 19:28
Бірқатар өңірде тұман түсуіне байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 19:03
Новак Джокович Аустралия Ашық чемпионатының жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 18:44
Әлібек Қуантыров Мажарстанда қазақстандық студенттермен кездесті
Экономика • Бүгін, 18:23
Астанада қандай кәсіпорындар ашылады
Елорда • Бүгін, 17:16
Димаш Құдайберген Үндістандағы кинофестивальге қатысты
Қоғам • Бүгін, 14:07
Аймақтар • Бүгін, 13:18
Павлодарға жаңа қоғамдық көліктер жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 12:52
Хоккей: Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы ірі есеппен жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 12:10
«Астана» өз алаңында «Енисейден» жеңілді
Спорт • Бүгін, 11:53
Шымбұлақтағы рестобардан өрт шықты
Аймақтар • Бүгін, 11:05
Қазақстанда коронавирус жұқтыру деңгейі азайды
Коронавирус • Бүгін, 10:40
Елімізде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады
Ауа райы • Бүгін, 09:37
Риддер тұрғыны 2 жасар баласын балконнан құлатып алды
Аймақтар • Кеше
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Әскери қызметші қарт кісіні өрттен құтқарып қалды
Қоғам • Кеше
Қазақстан мен Мажарстан екіжақты ынтымақтастықты нығайтады
Экономика • Кеше
Ұқсас жаңалықтар