Руханият • 07 Желтоқсан, 2022

Ертегі әлеміне саяхат

654 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық ардагерлер кеңесі жанындағы «Аналар алқасы» мен «Анаға тағзым» орталығы арасындағы келісімге сәй­кес өңірде «Әжемнің ертегісі» жобасы қолға алынды. Енді әжелер облыстың әр қиырында орналасқан бала­бақ­шаларға арнайы ат басын бұрып, балаларға ертегі айтып, олардың ой-өрісінің дамуына ықпал ететін болады.

Ертегі әлеміне саяхат

Жоба аясында алғаш­қы­лар­дың бірі болып Жанат Мұсабекова мен Майса Сұл­танова шалғайдағы Мойын­құм ауданына барды. Олар аталған ауданның Айдарлы ауылындағы «Балапан», Құм­өзек елді мекеніндегі «Ба­лау­са» және Шығанақтағы мектепке дейінгі білім беру ме­кемесіне келіп, балдырғандар үшін қызықты саналатын түр­лі тақырыптағы ертегілер мен аңыз әңгімелерді айтып берді.

«Анаға тағзым» орта­лы­ғы­ның басшысы Эльмира Мыр­зағалидың айтуынша, ә де­ген­нен-ақ балалар әжелер айтқан ер­тегілерді ұйып тың­дап, зор қы­зығушылық таныт­қан. Жоба алдағы уақытта өңірдің барлық аудан­ын қамтымақ.

«Бүгінде балалардың бар­­лығы да смартфонға тә­уелді. Теле­фонға телмірген ұрпақ­тың ертегі тыңдағаны дұрыс. Сол арқылы ой-өрісі дами­ды, та­нымы ар­та түседі. Одан бө­лек, тіл бай­лығы то­­лысады. Осының бә­рін ес­кер­гендіктен екі тарап ке­лі­се келе, жаңа жобаны қол­ға алып отырған жайымыз бар. Кезінде бәріміз де әже­лердің, аналардың ер­те­гісін тыңдап өстік қой. Сол тұрғыдан алып қарағанда бұл ескінің жаңаша сипатта жа­ңаруы деп түсінген дұ­рыс шығар», дейді «Анаға тағ­зым» орталығының директоры Э.Мырзағали.

ТАРАЗ