Аймақтар • 07 Қараша, 2022

Ұқыптыны ұры алмас

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел көлемінде қараша айының 28-30-ы күндері «Мал ұрлығы» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Ішкі істер министрлігінің бірінші тоқсанға арналған нұсқауы аясында қолға алынған операция Сыр өңірінде де іске қосылды.

Ұқыптыны ұры алмас

Мал ұрлығының алдын алып, жолын кесу, ұрыларды анықтап, қылмыстық жауапкершілікке тартуды мақсат тұт­қан жедел іс-шараға облыстық поли­ция департаментінің жеке құрамы жұмыл­дырылды.

Департаменттің барлық қыз­мет салаларымен бірлесе бекітіл­ген жоспарға сай жүргізілген жұмыс нәтижесінде поли­цей­лер екі күнде 14 деректі әшкере­леді. Оның ішінде өткен жылдары жасалған қылмыстар да бар. Же­дел жұмыстардың нәтижесінде «ма­лым қолды болды» деп арыз­дан­­ған кей тұрғынның жоғалт­қа­ны жайылымнан табылып, 14 қыл­мыстық іс өндірістен тоқтатылды.

Ұрланған және жоғалған 20 бас мал табылып, иелеріне қолхатпен қайтарылды. Әри­не, ұрлықты анықтау – полицей­лердің міндеті. Бірақ иесі де малына қырағы болғаны жөн-ақ. Әйтпесе, «айдай салдан аз өлді, көре салдан көп өлдінің» жыры жуырда тау­сылмайды. Біз әлі ұқыптыны ұры алмайтынына мән бермей келеміз.

Жедел іс-шара кезінде бар­лық аудан­дар мен облыс орталы­ғында мал және ет өнімін тасымалдау фактілерін анықтап, ет сататын базарлар мен орындарды тексеретін мобильдік топтар жұмыс істеп, мал және ет та­сы­­малдаған 410 автокөлік, ет өнім­­дерін сататын 166 орын, 100 фермерлік шаруа­шылық тексерілді.

 

Қызылорда облысы