Саясат • 07 Желтоқсан, 2022

Тиімді ынтымақтастық

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатында Төраға орынбасары Асқар Шәкіров Литва Республикасының Сыртқы істер министрі Габриэлиус Ландсбергиспен кездесті.

Тиімді ынтымақтастық

Тараптар кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық деңге­йін жоғары бағалады және халық­ара­лық күн тәртібіндегі негізгі мә­се­­лелерге ортақ көзқарас­тар мен халық­аралық ұйымдар аясында өзара нәтижелі іс-қимыл бар екенін атап өтті.

«Қазақстан депутаттары Литва парламентшілерімен екіжақты, сондай-ақ көпжақ­ты негіздерде, оның ішінде ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы мен Парламентаралық Одақ аясындағы байланыстарды дамытуға мүдделі болып отыр. Біз екіжақты өзара тиімді ынты­мақтастықты одан әрі дамытуға жәр­демдесуге дайынбыз. Тран­зит-көлік саласы – осы ынты­мақтастықтағы маңызды бағыт­тарының бірі болып табылады. Бұл тұрғыда Сіздердің елдері­ңіз қазақстандық тауарларды ілгерілету үшін ерекше ықылас туғызады», деді Асқар Шәкіров.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді одан әрі демократияландыруға және аза­маттардың мемлекетті басқаруға қатысуын кеңейтуге бағытталған ауқымды саяси жаңғырту бағдар­ламасы туралы шетелдік дипломат хабардар етілді.

Габриэлиус Ландсбергис Қазақ­станда жүргізіліп жатқан стратегиялық реформаларды жоғары бағалады және Литваның жан-жақты ынтымақтастықты, оның ішінде парламентаралық байланыстарды одан әрі дамытуға әзір екенін жеткізді.