Қазақстан • 07 Желтоқсан, 2022

Қазақстандық әуе компаниялар биыл 9 млн жолаушыны тасымалдады

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

7 желтоқсан – Халықаралық азаматтық авиация күні саналады. Кәсіби мереке 1994 жылы ИКАО-ның 50 жылдығын атап өту кезінде пайда болған, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ИИДМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық әуе компаниялар биыл 9 млн жолаушыны тасымалдады

Отандық азаматтық авиация қызметінде ұшу қауіпсіздігінің деңгейін одан әрі күшейтуге байланысты негізгі мақсаттарға қол жеткізу бойынша жұмыс жоспарлы түрде орындалып келеді.

Биыл аталған саладағы жетістіктер жолаушылар тасымалының ұлғаюынан байқалады. Биыл 10 айда қазақстандық әуе компаниялар шамамен 9 млн адамды тасымалдады, бұл 2021 жылдағы көрсеткіштен 16%-ға (7,7 млн жолаушы) көп. Мысалы, Air Astana компаниясында жолаушылар ағыны шамамен 3,4 млн адамға, FlyArystan компаниясында 2,6 млн адамға жуықтап, сондай-ақ SCAT компаниясында жолаушылар саны 2,4 млн-ға және Qazaq Air-да 500 мың адамға өскен.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың тапсырмасы бойынша қазақстандық әуе кемелердің паркі 2025 жылға дейін 51 ұшақпен толықтырылады.

Осы жылы отандық авиакомпаниялардың паркі 10 жаңа ұшақпен толықты. Мәселен, SCAT компаниясының әуе кемелер паркі 5 ұшақпен толықса, Fly Arystan 3 ұшақ және Air Astanа 2 әуе кемесін сатып алды. Жыл соңына дейін тағы 4 жаңа ұшақ пайдалануға беріледі. Азаматтық авиация ұшақтарының жаңаруы рейстердің кешігуін азайтуға, тасымалдау сыйымдылығын арттырып, жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуға, сондай-ақ қазақстандық әуе тасымалдаушылардың ұшу географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді.