Экономика • 08 Желтоқсан, 2022

Fitch растады

83 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Fitch халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде, «Тұрақты» болжамымен растады. Еліміздің рейтингін қолдайтын негізгі факторлар – қуатты фискалдық және сыртқы теңгерімдер. Агенттік сарапшыларының пікіріне қарағанда, олар сыртқы күйзелістерге тұрақтылығын дәлелдеді. Сондай-ақ ірі фис­калды буферлер сыртқы таза кредитор мәртебесін сақтауға мүмкіндік берген.

Fitch растады

Ұлттық экономика министр­лігінің хабарлауынша, таза шетел­дік активтер бойынша Қазақ­станға жоғары тәуелсіз позиция берілді, ол 2021 жылдың соңын­да ішкі жалпы өнімнің 37 пайы­зын құрады. Fitch есебінде атап өтілгендей, қазақстандық банк секторының капитал қоры жеткілікті деңгейде. 2022 жыл­ғы III тоқсандағы жағдай бойын­ша жұмыс істемейтін кредит­тер­дің коэффициенті 4,6 пайыз болды.

Сарапшылардың пікіріне зер салсақ, ұлттық валютадағы салымдар бойынша жоғары пайыздық мөлшерлемелер және басқа да бірқатар шаралар депозиттерде қаражатты сақтап қалуға мүмкіндік берді. Жақында рейтингтің негізгі факторларының қатарына ESG көрсеткіштері қосылды.

«Несие берушілердің құ­қықтары» индикаторы бойын­ша 20 жылдан астам уақыт бойы мемлекеттік борышты қайта құрылымдауға жол бермеу Қазақстанның кредиттік қор­жынына оң әсер етуде», делін­ген Fitch есебінде.