Әлем • 08 Желтоқсан, 2022

Биыл Google браузерінде ең көп ізделген сөз анықталды

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылы интернет қолданушылары Google браузерінде Украина және Ұлыбритания патшайымы II Елизаветаның өлімі туралы жаңалықтарды өте көп іздеген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл Google браузерінде ең көп ізделген сөз анықталды

Google биылғы ең танымал сұраулар тізімін ұсынды. Тізім санаттарға бөлінген. 

Сонымен биыл жоғарыдағы оқиғалардың көп талқыланғанына қарамастан бірінші орынды «Wordle» сөзі иеленіп отыр. 

«Wordle әлемдегі ең танымал іздеу болды, өйткені бес әріптен тұратын сөзді табу ойыны көпшіліктің күн сайынғы өмір салтына айналды», делінген хабарламада.