Президент • 09 Желтоқсан, 2022

Әлемдік экономика үшін өте ауыр жыл...

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырысында айтты, деп жазады Egemen.kz.

Әлемдік экономика үшін өте ауыр жыл...

Президент желтоқсан айындағы кездесулерде дәстүрлі түрде бірлескен жұмысты қорытындылап, алдағы кезеңде атқаратын міндеттердің айқындалатынын айтты.

 - Биыл әлемдік экономика үшін өте ауыр жыл болды. Халықаралық қоғамдастық пандемия зардабынан айығып үлгермей жатып, жаңа геосаяси және экономикалық сын-қатерлермен бетпе-бет келді, - деді Мемлекет басшысы. 

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Кемелұлы бүгінде әлемдегі сауда-саттықты айтарлықтай шектейтін түрлі тыйымдар, квоталар мен баж салықтары енгізіліп жатқанына да тоқталды. 

- ЕАЭО аясындағы ынтымақтастығымыз жаһандық үрдістерден ерекшеленетіні келешекке сенім ұялатады. Сыртқы факторлардың қысымына қарамастан, Қазақстанның ЕАЭО-ға мүше елдермен тауар айналымы қаңтар-қазан айларында 7 пайызға өсіп, 23 миллиард долларға жетті. Бірлескен ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр, - деді Қ.Тоқаев.