Қазақстан • 09 Желтоқсан, 2022

Еркін сауда аймағы туралы келісімді созбалаңға салмау керек – Тоқаев

489 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында еркін сауда аймағы туралы келісімдерге қатысты жұмыстарды тездету керегін ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz

Еркін сауда аймағы туралы келісімді созбалаңға салмау керек – Тоқаев

«Енді преференциялық келісімдер жасалған серіктестермен өзара іс-әрекеттің сапасын арттыруға назар аудару маңызды. Бұл жерде Вьетнам, Сербия және Иран туралы сөз болып отыр. Сондай-ақ Үндістан, Мысыр, Индонезия және Израильмен еркін сауда аймағы туралы келісімдерге қатысты жұмысты жеделдеткен жөн», деді Президент.

Сондай-ақ ол бұл жөнінде бірнеше рет айтқанын еске салды.


«Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктерімен еркін сауда аймағы туралы келісім бойынша келіссөз басталғанын қолдайды. Бұл бастаманың келешегі зор әрі бүкіл «еуразиялық бестіктің» мүддесіне сай келеді деп санаймын. Енді осы процесті созбалаңға салмау маңызды», деді Мемлекет басшысы.