Президент • 12 Желтоқсан, 2022

Тағайындаулар

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Тағайындаулар

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Виктор Валерийұлы Темірбаев Қазақстан Республи­касының Болгария Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;

Тимур Бейбітәліұлы Оразаев Қазақстан Рес­публикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Түркия Респуб­ли­касындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

 * * *  

Мемлекет басшысының өкімімен Ғабидулла Абдуллаұлы Оспанқұлов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.