Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2022

Жамбылда жел электр стансасы салынады

251 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Соңғы жылдары әлем елдерімен бір қатарда Қазақстан да «жасыл экономикаға» айрықша назар аудара бастады. Әсіресе желден, күннен электр энергиясын өндіру бағытындағы жұмыстар Жамбыл облысында қарқынды түрде жүргізіліп келеді. Енді өңірде жалпы қуаты 1 ГВт болатын жел электр стансасы бой көтермек.

Жамбылда жел электр  стансасы салынады

Жалпы, соңғы уақытта өңір­де желден және күннен электр энергиясын өндіру бағытында көп­теген жұмыс жүйелі түрде атқарылып жатқаны белгілі. Мәселен, бүгінге дейін өңірдегі 18 электр өндіру стансасынан жылдық қуаты 437,8 МВт құрай­тын электр энергиясы өндірі­луде. Бұл көрсеткіш бойынша Жам­был облысы елімізде көш бас­ын­да тұрғанын айта кеткен жөн. Ал­дағы уақытта да осы ба­­ғыт­­тағы жұмыстар жандана түспек.

«Жамбыл облысында жалпы қуаты 1 ГВт болатын жел электр стансасы салынады. Бұл жұмыстың жүйелі түрде іске асуына «Самұрық-Қазы­на», «ҚазМұнайГаз» және Франция­ның «Total Eren» компаниялары мүд­делі. Қысқасы, еліміздегі алпауыт стансаның біздің өңірде бой көтеретіні көңіл қуантады. Фран­ция еліне ресми сапармен барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаты­суы­мен өткен іс-шарада еліміз­дің Энергетика министрлігі мен Фран­цияның Еуропа және сырт­қы істер министрлігі арасында осы бағыттағы үкіметаралық келі­сімге қол қойылды. Енді нақты жұ­мыстар қолға алынатын уа­қыт алыс емес. Біз тілге тиек етіп отырған жел электр стансасы шамамен 2026-2027 жылдары пайдалануға берілетін болады. Соңғы деректерге зер салсақ, аталған нысан еліміздегі жалпы энергия өндірісінің 50 пайызын қамтиды екен. Бұл, әрине, үлкен жетістік екені талас тудырмайды. Сондықтан да осы бағыттағы жұмысты әрі қарай жалғастыра беруге ниеттіміз», деді өңір басшысы Н.Нұржігітов.

 

Жамбыл облысы